«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО шаруаларына пестицидтер құнын субсидиялау ережесін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2020 жылғы 17 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
6463 просмотров

2020 жылдан бастап мемлекет шаруаларға тыңайтқыштарды алуға алғаш рет субсидия бөлуде. Субсидиялау процесі қандай тәртіпте жүргізілетіні жайында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ШҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында айтты

 Қазақстан Республикасында «Субсидияланған пестицидтер, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және 1 литрге (кг, грамм, дана) субсидиялау мөлшерлемелерін, сондай-ақ 2020 жылға арналған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) құнын арзандатуға арналған субсидиялардың мөлшерін бекіту туралы» қаулысы негізінде субсидиялаудың ережесі күшіне енді.

 Еске салсақ, осыған дейін пестицидтер мен биогендер субсидиялауға жатпайтын, сондықтан шаруалар дақылдарды өңдеуге арналған препараттарды өздері сатып алатын. 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірушілер өз егін алқаптарына зерттеу жүргізіп, егер зиянкестер табылса, залалдың шегін анықтауға міндетті. Егер залал жоғары болса – сәйкесінше, жақсы өнім алу үшін пестицидтерді салу қажет. Субсидиялаудың жаңа ережесіне сәйкес препараттар құнының 50 пайызын мемлекет өзіне алады. Осы ретте есепке әр пестицид түрінің ең арзан құны алынады.

 ШҚО шрауалары үшін 2020 жылы тыңайтқыштар алуға 1,5 млрд теңге бөлінді. Препараттардың қандай түрлері субсидиялауға жататыны және субсидия алу алгоритмі қандай болатыны жайында ШҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында Ауыл шаруашылығы басқармасы, Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы, зерттеу жүргізетін зертханалар, сонымен қатар пестицидтерді сататын компаниялардың өкілдері талқылады.

 «Талқылау қызу өтті. Егер республикада пестицидтердің 1 491 аталымы бар, ал шыққан қаулыға сәйкес биыл 391 аталым субсидияланады. Неге дәл осындай сан? Ауыл шаруашылығы басқарамсы үлкен жұмыс атқарды. Сатушылардан прайстарды сұратты, шаруалардан қандай пестицидтер қолданаыны жайында ақпарат алды, осылайша жалпы 391 аталым қолданылатыны анықталды», –  деді ШҚО ӨКП Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Асқар Жақыпбаев.

 Бұл көрсеткіш әлі түбегейлі емес. Егер шаруа тізімге ілінбеген, бірақ ҚР -да тіркелген препаратты алып қойса, оның атауы бір ай ішінде қаулыға енгізіледі де шаруа субсидияла ала алады. Ережеге сәйкес қажетті сомасы субсидия алуға өтініш берген күннен бастап бір жыл ішінде алуға болады. ӨКП ережедегі осы маңызды тармақ үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік өнімді өндіру және өңдеу департаментіне және жетекшісі Азат Сұлтановқа  алғыс білдіреді.

 «Әрине бюджет шексіз емес, ақша да таусылады. Егер шаруа субсидиялауға жататын өнімді 17 маусымға дейін сатып алған болса, онда ол өтінішті келесі жылдың 17 маусымына дейін беруге құқылы. Биыл мәселен, оған қаражат жетпей қалды делік, ал келесі жылы ақпан айында қаржыландыру қайтадан басталады – шаруа өтініш беріп, өз субсидиясын алады. Бұл өте дұрыс шешім! Осы үшін шауралар департаментке алғыс айтады», – деді Асқар Жақыпбаев.

 Қолданыстағы қаулыға жүргізілген мониторинг арқылы сәйкес түзетулер енгізіледі, осылайша келесі жылы ШҚО-да қолданылатын басқа препараттар да толық қамтылмақ.

 ШҚО Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан өңірдің өндірушілері арасында түсіндіру жұмыстарын жалғыстыра бермек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер