«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмыссыздар құс өсіріп, кәсіп бастауда

2020 жылғы 25 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
8343 просмотров

Өңірлік деңгейде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жаңа бағыты әзірленіп, оны шартты түрде «Еңбек-Балапан» деп атады. Құс шаруашылығын дамытуға грантты жұмыссыздар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ жастар ала алады

 Жоба пилоттық режимде Теректі ауданы, кейін Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарында қолға алынуда.

«Бағдарламаға қатысушылар оқуға қатысады, бизнес-жоспар құрады, кейін дайын бизнеске грант алады. Облыстық оператор анықталып, ол балапан, тауық жеткізеді, мұздатқыш жабдық, рабица тор, жем-жөп беріледі. Өңірлік бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылда жұмыссыздықты азайту. БҚО Өңірлік палатасы оқытады, бизнес-тренерлеріміз жобаларға сүйемелдеу көрсетеді, дайын өнімді сатуға көмектесеміз. Өнім бірыңғай оператор арқылы сауда нүктелеріне, әлеуметтік объектілерге жеткізілетін болады», – деді БҚО ӨКП директоры Бақдәулет Ыбырайымов.

 Жергілікті деңгейде барлық жағдай жасалған, енді грант алушылар балапндардың алғшқы партиясын өсіріп, сатудан кейінгі бастапқы капиталды шаруашылықтың дамуына салу керек.

 «Еңбек-Балапан» өңірлік бағдарламасында жұмыссыздар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектер мен жастар қатыса алады. Бәйтерек ауданы бойынша 200 АЕК мөлшерінде грант сертификаттарын 14 отбасы алды. Одардың қатарында АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алып жатқандар бар, олар жеке кәсіпкерлікті ашқан соң мемлекеттен әлеуметтік көмек алмайды, яғни олар жұмыспен қамтылып отыр. Қатысушылар грант қаражаты жаңа шыққан етті бағыттағы 100 балапан, 57 тауық және қажетті жабдық сатып алды. Бәйтерек ауданы бойынша 48 млн теңгеге  88 грант беру көзделген», – деді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алексей Герасимов.

«Бағдарлама туралы естігенде Өңірлік палатаға өтінім бердім. Осыған дейін АӘК алып отырдым, Белес ауылында тұрамын. Грант алдым, енді құс өсіремін. Балапандар мен тауықтарға арналған орынды дайындап қойдық», – деді кәсіпкер Алтай Имагамбетов.

Бағдарламаның жүзеге асырылуына 625 млн теңге бөлінген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер