«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау: өтінімдер қабылдау басталды

2020 жылғы 07 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
5296 просмотров

7 шілде күні Шығыс Қазақстан Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесіне үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталады

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі бизнес субъектілерінің қатарынан 4 жыл мерзімге қалыптасатын бақылаушы басқару органы болып табылады. Бірақ егер қазіргі уақытқа дейін басқару органының құрамы кәсіпкерлер, облыс қауымдастықтарының өкілдерінен құралса, енді бизнес-қауымдастыққа дауыс беру арқылы Өңірлік кеңес мүшелерін сайлау мүмкіндігі беріледі.

Егер сіз белсенді азаматтық ұстанымы бар кәсіпкер болсаңыз, өз салаңыздың дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен кедергілер туралы білсеңіз және бизнес ортаны қалай жақсарту туралы идеяңыз бар болса, өтінішіңізді мына сілтеме арқылы жібере аласыз: https://vote.atameken.kz/ru/requests. Онда сіз сайлауға қатысу үшін қажетті жағдайлармен және қажетті құжаттармен таныса аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7232) 742-107, 742-109, 742-954, 8-777-152-98-99, 8-747-428-01-82.

Сайлаудың барлық кезеңдері туралы ақпараттарды әлеуметтік желілердегі және жедел хабарламалардағы парақшаларымыздан қарауға болады:

Facebook: Бизнес в Усть-Каменогорске и Восточно-Казахстанской области

Instagram: @palatavko

Телеграм: t.me/palatavko


Еншілес ұйымдар

Серіктестер