«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

#Жақсылықжаршысы Шығыста

2020 жылғы 23 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
7334 просмотров

Өскеменде кәсіпкерлер әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға қайырымдылық көмекті белсенді көрсетіп жатыр.  Осы жолы ШҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Жақсылық жаршысы» акциясы барысында көмек көрсетілді

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пандемия жағдайында тұрмысы төмен отбасылар және барлық мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған «Жақсылық жаршысы» жалпыреспубликалық акция іске қосылды.  Акция аясында республикалық маңызы бар үш қала мен төрт облыста #жақсылықжаршысы марафоны өтіп, онда бизнес-қоғамдастық өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы аз қамтамасыз етілген отбасыларға мектеп оқушыларына тамақ, дәрі-дәрмек, кеңсе тауарларымен және т.б. көмек көрсетеді.

 Марафон 21 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында басталып, Шымкент, Алматы, Атырау қалаларында жалғасты. 23 шілде күні ШҚО Кәсіпкерлер палатасы эстафетаны Өскемен қаласында қабылдады.

 Қала бизнесмендері акцияны қолдап, тұрмысы төмен отбасыларға көмек беру үшін қаражат пен азық-түлік жинады. Атап айтқанда, Восток-Молоко» ЖШС, «Корпорация «Ақшың» ЖШС,  «Валиулина» ЖК, «Ел мен Жер» ЖШС, «Абдулаев» ЖК, «Фирма «Жас Ұлан» ЖШС, «Востокагрохолдинг» ЖШС,  «Ремдор» ЖШС, «Құрманғалиев ЖК, «Масленников» ЖК, «Крупы Востока» ЖШС, «Пасека» ШҚ, «Өскемен май зауыты» ЖШС, «Наурызбаев» ЖК, «Ассоциация бизнес-тренеров ВКО» ҚБ,  «Эмиль» ЖШС, «Защитинский элеватор» ЖШС, «Қатон-Қарағай елік паркі» ШҚ.

 «ШҚО Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері 200-ге жуық азық-түлік жиынтығын әзірледі, жиынтықтарға макарон өнімдері, күріш, күнбағыс майы, қант, шай, қарақұмық, ұн, печенье, сүт, томас пастасы, рулет, қойытылған сүт кірді. Азық-түлік Өскемен қаласы әкімдігі, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметітк бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, «Халифа Алтай» орталық мешіті берген тізім бойынша таратылды», – деп атап өтті ШҚО ӨКП директоры Мәріпбек Шәкербек.   

Бұдан бөлек, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері дүкен, бутиктер, ателье, кафелер, тұрғын үйлердің кіреберісіне санитарлық нормаларды сақтауға шақыратын жаднамаларды ілді.

 Акцияны қаланың белгілі кәсіпкерлері Валерий Қасымбаев, Бауыржан Камзинов, Сырым Әділов, сонымен қатар сазгер Бағдат Есдәулетов қолдады.   

«Өскемен-Молоко» сауада үйінің директоры Сырым Әділов:

 «Мен #жақсылықжаршысы акциясы идеясын қолдаймын, кәсіпорнымызда санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталып, жеке қорғаныш құралдары қолданып, әлеуметтік қашықтық сақталатынын атап өтпекпін. Осы қиын кезеңді өткеруде жаңа әдеттерді бойға сіңіру қажет деп ойлаймын, ол: қоғамдық орындарда маска кию, ұолды жию жуу, ара қашықтықты сақтау».

 Науқан соңында #жақсылықжаршысы акциясының эстафетасы Қостанай қаласына жолданды.

 

 Бауыржан Қамзинов, «Ремдор» ЖШС директоры:

«Мен Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының «Жақсы жаршысы» акциясын толығымен қолдаймын, оның аясында бүгінде мұқтаж қазақстандықтарға - аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға көмектесу үшін азық-түлік себеттерін жинап жатырмыз. Сонымен бірге, мен бизнес кәсіпорындары мен Шығыс халқын өзін-өзі қорғаудың қажетті шараларын сақтауға шақырамын: маска кию керек, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, қолды жиі жуып, антисептикпен тазалау керек. Егер біз жаңа ережелерге сай өмір сүруді үйренсек, кез-келген қиындықты жеңе аламыз».

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер