«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан және Германия бизнесмендері ынтымақтастықтың жаңа жолдарын талқылады

15 Қазан 2020
1295 просмотров

DB Engineering & Consulting басқармасының жетекшісі,  Нико Варбанофтың төрағалығымен өткен Қазақстан-Германия іскерілк кеңесінің жиырмасыншы отырысы барысында анағұрлым тығыз ынтымақтастық орнату үшін әлеуетті тақырыптар талқыланды

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Арифханов, екі елдің ұлттық компаниялары мен бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері, елшілер қатысты.

 Талқылаудың негізгі тақырыптары – пандемиядан кейінгі ынтымақтастық жолдары, инвестициялық жобалар және екі ел арасындағы бизнестер арасында іскерлік байланысты нығайту.

 «Қазақстан энергетика саласында, «жасыл» экономика жобаларында, ауыл шаруашылығында (жан басына шаққанда 200 млн га егістік бойынша әлемде екінші орын), машина жасау және өңдеу саласының басқа бағыттарында, денсаулық сақтау саласында келешекті жобаларды іске асыру үшін Германиядан келетін инвесторларға кең мүмкіндіктерді ұсынуға дайын. Біз барлық жаңа бастамалар мен ұсыныстарға ашықпыз», –  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр.

Өз кезегінде Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің тең төрағасы Нико Варбанофф қазақстандық тарапты іс-шараны ұйымдастыру мүмкіндігі және қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс білдірді. Спикер пандемияның экономикалық көрсеткіштерге теріс әсерін атап өтіп, келер жылы оң өсу болатынына сенім білдірді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов неміс әріптестерге елдегі ахуал және бизнесті қолдау шаралары туралы ақпарат берді.

«Мемлекеттік қолдаудың бірнеше бағдарламасы бар – субсидиялау, кепілдендіру, инфрақұрылымды дамыту, жер гранттарын, бос экономикалық аймақтарды беру. Олардың бәріне бүкіл өңірлер бойынша автоматты режимде мониторинг жүргізіледі. Соңғы жаңа бөлімдер ішінде – өңірлік даму бар. Біз әр өңірдің экономикалық картасын әзірлеуге кірісіп кеттік, онда  бос активтерден бастап, дамыған секторлар мен жергілікті деңгейде қолдау шараларына дейін нақты ақпарат көрсетіледі. Бұл инвесторлар үшін пайдалы дереккөз болмақ», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Спикер кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі жобалық кеңсе қызметі, бүкіл Қазақстан бойынша инвесторларға толық сүйемелдеу көрсетуге дайындық туралы, сондай-ақ елдегі кәсіпкерліктің дамуына арналған цифрлық экожүйе – Digital Atameken жобасы туралы хабарлады. Бұдан бөлек, Абылай Мырзахметов ҰКП персоналды дамыту және колледждерде кадрларды дайындау бойынша неміс бизнесінің бастамасын қолдауға дайындығын атап өтті.    

Германия экономикасы шығыс комитетінің бас атқарушы директоры Михаэль Харм Қазақстан-Германия іскерлік кеңесі төрағаларына ынтымақатстыққа қосқан жеке үлестері үшін алғыс білдіріп, Германия болашақта Қазақстанмен жұмыс істеуге ынталы салаларды атады. Ол стратегиялық жоспарлау мен реформалар жөніндегі агенттікті құруды қолдады.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы айтқан сөзіне бағдарланғым келеді, онда Мемлекет басшысы Қазақстанда экономикалық реформалардың ауқымды жоспарын айтты, жоспарда біздің тығыз байланысымызға негіз болатын тақырыптар көп. Бұл салық және кедендік әкімшіліктендіру, ШОБ рөлі, өңірлік ынтымақтастық, «жасыл» экономика, Индустриялық экономика туралы заң... Былтыр біздің Экономика министрлігімен бірлесіп, индустриялық стратегияны әзірледік, және тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бұдан бөлек, Қазақстан біздің  мультилатерализм және әлемде өршіп келе жатқан  протекционизмге қарсы іс-қимыл саласында жақсы серіктесіміз. Қазақстан дәл мультилатерализмге бағдарлануды қатаң ұстанады. Біздің «Лиссабоннан бастап Владивостокқа дейін» бірлескен  экономикалық кеңістікте әлеуетті тақарыптар көп», – деді Михаэль Хармс.

Ол Қазақстанның банк секторындағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытты. Михаэль Хармстың пікірінше, бұл сала Қазақстанда Германияға қарағанда айтарлықтай цифрландырылған.

Ары қарай Германияның Knauf AG, Herrenknecht AG, SAP, Siemens Energy AG и CLAAS Global Sales GmbH сынды ірі бизнес өкілдері өз идеялары және ұсыныстарымен бөлісті, олар Қазақстанмен біліктілікті жоғарылатуды қоса алғанда, түрлі салада  ынтымақтасуға дайындықтарын білдірді.


Серіктестер