«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Семей көлік прокуратурасы және ШҚО Кәсіпкерлер палатасы көлік саласындағы бизнестің құқығын қорғайды

2021 жылғы 11 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
7439 просмотров

29 қаңтарда Семей көлік прокуратурасы және ШҚО Кәсіпкерлер палатасы 2021 жылға кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 Меморандумға Семей көлік саласының прокуроры Медет Несіпбек және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек қол қойды. Тараптардың ортақ мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасау.

 Келесімнің мәні серіктестік қатынастарды құру және өзара құрмет, теңдік және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген ұзақ мерзімді, өнімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.

Меморандум шеңберінде Семей көлік прокуратурасы теміржол, әуе, құбыр, су және автомобиль көлігінде орын алған кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілеріне жедел жауап беруге міндеттенеді. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурордың әрекет ету шаралары қабылданады. Сонымен қатар, прокуратура кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстарды жинақтау және енгізуге ниетті.

 Өз тарапынан ШҚО ӨКП кәсіпкерлердің көлік саласында құқықтарын бұзуға қатысты кез келген фактілерді дереу хабарлауға міндеттенеді.

 «Біз Семейдің бизнес-қоғамдастығын егер құқықтарыңыз тапталаса Семей көлік прокуратурасының сенім телефондарына 8 (7222) 52-61-13, 56-52-05 немесе ШҚО Кәсіпкерлер палатасына 8 (7232) 74-21-04 хабарласуға шақырамыз», – деді ШҚО ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Бақытжан Майжерінов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер