«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда кәсіпкерлердің облыс прокурорымен кездесу ұйымдастырылады

2021 жылғы 02 Наурыз
- Атырау облысы
9823 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында қадағалау органы басшылығымен кездесу ай сайын өтеді

 Атырау облысының прокуроры Халидулла Дауешев наурыз айынан бастап ай сайынғы негізде кәсіпкерлерді жеке мәселелер бойынша қабылдауды бастайды. Еске салсақ, өткен жылы осындай кездесулер легі ұйымдастырылып,  соның нәтижесінде 20-ға жуық кәсіпкердің мәселесі қаралды, бүгінде мәселелердің жартысынан көбі оң шешілген.

 Прокурордың жеке қабылдауында кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексерулер, жер телімдерін беруден негізсіз бас тартуға қатысты мәселерді айтып, монополистердің әрекетіне шағымданды.

Мәселен, кәсіпкер Бәтима Әлиева Атырау қаласы әкімдігінің әрекетіне шағым түсірді. Кәсіпкер 2009 жылдан бастап жер телімін кеңейтуге рұқсат ала алмай келеді. Прокурордың араласуынан кейін кәсіпкерге жер телімі берілді.

 Кәсіпкер Ақан Оңдағанов Атырау қаласы Сәулет бөлімінің қызметкерлеріне шағымданды. Қадағалау органы бастамасымен ұйымдастырылған тексеру нәтижесі бойынша сәулет бөлімі қызметкерлерінің әрекеті заңсыз деп танылды.

 «Осындай кездесулерді ұйымдастыру ӨКП және Атырау облысы прокуратурасы арасындағы қол қойылған меморандум шеңберінде мүмкін болды. Прокурор қабылдауына жазылам деуші кәсіпкерлер Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласып, алдын ала жазыла алады, тел:  8(7122) 76-30-96, ұялы телефон: 8 775 996 39 85. 3 наурыздан бастап прокурор қабылдауы әр айдың бірінші сәрсенбісінде, сағат 10:30-да Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында өтеді, мекенжайымыз: Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 78», – деп хабарлады Атырау облысы ӨКП Құқықтық қорғау бөлімінің жетекшісі Ерлан Убигалиев. 

Қабылдау кестесі

күні

уақыты

қабылдаушы

орны

3 наурыз 2021 жыл (сәрсенбі)

 сағат 10:30

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

 Атырау қаласы,  Сәтпаев көшесі, 78

Конференц -зал

7 сәуір 2021 жыл

(сәрсенбі)

сағат  10:30

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Атырау қаласы,  Сәтпаев көшесі, 78

 5 мамыр 2021 жыл

(сәрсенбі)

сағат  

10:30

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Конференц -зал

2 маусым 2021 жыл (сәрсенбі)

 сағат 10:30

 

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Атырау қаласы,  Сәтпаев көшесі, 78

7 шілде 2021 жыл (сәрсенбі)

сағат  10:30

 

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Конференц -зал

4 тамыз 2021 жыл (сәрсенбі)

сағат 10:3

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Атырау қаласы,  Сәтпаев көшесі, 78

1 қыркүйек 2021 жыл (сәрсенбі)

сағат 10:30

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Конференц -зал

6 қазан 2021 жыл  (сәрсенбі)

 сағат 10:30

 

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Атырау қаласы,  Сәтпаев көшесі, 78

3 қараша 2021 жыл (сәрсенбі)

сағат 10:30

 

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Конференц -зал

1 желтоқсан 2021  жыл (сәрсенбі)

 сағат 10:30

 

Атырау облысының прокуроры Дауешов Халидулла Зиноллаұлы

Атырау қаласы,  Сәтпаев көшесі, 78

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер