«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан құрылысшылары мен өндірушілері іскерлік байланысты нығайтты

2021 жылғы 28 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
8582 просмотров

Шығыс Қазақстандағы құрылыс материалдарын өндірушілер құрылыс саласында жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында өңірдің ірі мердігерлерімен кездесті. Кездесу ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтовтың төрағалығымен Zoom форматында өтті.

Құрылыс материалдарын отандық өндірушілерді қолдау мақсатында жиынға 74 құрылыс нысаны бойынша қызмет атқарып жатқан мердігер ұйымдары шақырылды.   Сонымен қатар іс-шараға жобаларға тапсырыс берушілер – ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Өскемен, Семей, Зайсан, Риддер  қалалары, Бесқарағай, Тарбағатай, Үржар, Көкпекті, Шемонаиха, Ұлан аудандарының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері қатысты.

ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арман Байболов 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысында 156 құрылыс жобасын іске асыру жоспарланғанын, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2021» бағдарламасы бойынша –22 жоба, 100 млн теңгеден асатын – 134 жоба іске асырылатынын атап өтті.

«Бизнес субъектілерін жұмысын жоспарлау мақсатында ШҚО Құрылыс басқармасының ресми сайтында 156 жобаның сметалық құжаттамасы орналастырылды», – деді Арман Байболов.

 Кездесу қатысушыларына жалпы құны 100 млн теңгеден асатын ірі нысандарда, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2021» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарда негізгі құрылыс материалдары, бұйымдар, құрылымдар мен жабдықтардың қажеттілігі бойынша жиынтық мәлімдемелер жіберілді. Кәсіпорындарға тапсырыс берушілер мен мердігерлерге жобаның атауы, жеткізу көлемі және материалдардың құнын көрсететін ұсыныстар енгізу үшін өз өнімдерінің іріктемесін жүргізу ұсынылды.

Кездесу барысында «Казэлектромаш» ЖШС, «Терра-Вита» ЖШС, «Силикат» ЖШС, «Өскемен диодты жарық жабдығы зауыты» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС,  «Фирма «Азия» ЖШС сынды компаниялар өз өнімдерін таныстырды.

 Кездесу қорытындысы бойынша ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов жиынға қатысушыларға бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен, құрылыс нысандарының тапсырыс берушілері – қалалар мен аудандардың әкімдіктері жобалық-сметалық құжаттамада отандық өндірушілердің тауарларын барынша пайдалануы қажет. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму бөліміне Шығыс Қазақстан тауар өндірушілерінің өнім каталогын жасау тапсырылды. Құрылыс бөлімі өз кезегінде құрылыс салушыларға жергілікті өндірушілердің тауарлары туралы толық ақпарат беруі керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер