«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында 9 нысан Ashyq жобасынан шығарылды

2021 жылғы 13 Шілде
- Ақтөбе облысы
3843 просмотров

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық нысандарының Ashyq жобасына қатысуы туралы соңғы мәліметтер айтылды. 13 шілдедегі жағдай бойынша жобаға 778 кәсіпорын мен ұйым кірді, келушілерді аз тіркеу салдарынан 9 нысан жобадан шығарылды. Ал тіркеудің ең көп саны бойынша жоба көшбасшыларының тізімінде 27 нысан бар. Барлық тізімдер облыс әкімдігінің сайтына жарияланған және апта сайын жаңартылып отырады.

 ӨКП директоры Сұлупан Шынтасованың хабарлауы бойынша, қазіргі кезде өңірде 501 нысан Ashyq жобасына ресми қатысушы, тағы 277 нысан сынақ режимде жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік нысандар қатарында жобаға Ақтөбе қаласының әуе жайы мен теміржол вокзалы қосылғанын айта кету керек.

 «Жобадан шығарылған 9 нысан 14-28 шілде аралығында Ashyq-та жұмыс істеу құқығынан айырылды. Атап айтқанда,  Ақтөбе қаласынан 4 қоғамдық тамақтану орны, сондай-ақ Мұғалжар және Қобда аудандарынан 2 мәдениет нысаны, Шалқар қаласынан бір компьютерлік клуб және Қандыағаш қаласынан бильярд орталығы. Бұл ынсадар соңғы апталарда келушілерді QR-кодпен тіркемеген, сондықтан «қара тізімге» өткен. Осындай фактілерді анықтау жобадан екі аптаға, ал бұзушылық қайталанатын болса 2 айға дейін шеттету қарастырылғанын еске саламын. Осындай бұзушылықтар үшін 27 нысан жобадан шығарылды, олар екі апта өткен соң жобаға оралды. Сондықтан, бизнес субъектілерін жоба талаптарын сақтап жұмыс істеуге шақырамын, оның үстіне Қазақстан тағы да COVID-19 таралу бойынша «қызыл» аймаққа енді және шектеу шараларын қатаңдату фактісі жоққа шығарылмайды», – деп ескертті ӨКП директоры Сұлупан Шынтасова.

 «Атамекен» ҚР ҰКП ресми ақпараты бойынша қазіргі кезде елімізде 358 бизнес нысаны жобадан шығарылды. Ashyq жобасына барлығы 14 500 бизнес субъектісі қатысады, тағы 865 өтінім қаралуда.

Келесі жағдайлар орын алса нысан жобадан шығарылады:

* егер мониторингтік топ жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылу фактісін анықтаса және растаса;

* нысан келушілерді үш күннен артық тексермеген болса.

Егер нысанда талаптар қайта бұзылса кәсіпорын жобадан екі айға шығарылады.

 Бүгінгі күні Ақтөбе облысында Ashyq жобасына қатысушылар нысандарында үй карантинін бұзған 156 азамат анықталды, оның ішінде «қызыл» статуспен – 41, «сары» статуспен – 115 азамат бар. СЭҚ органдары карантинді сақтау қажеттілігі туралы SMS-ескертулер жіберді. Үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды (131 265 те4ге сомасында  айыппұл).

Ashyq жобасы бойынша жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер кеңес алу үшін Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына немесе оның аудандық филиалдарына жүгіне алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер