«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қорғау, оқыту, қолдау

14 Қыркүйек 2021 - Батыс Қазақстан облысы
1067 просмотров

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында брифинг өтті. Онда 8 жылда жүргізілген жұмыс қорытындысы айтылды. Өңірлік палатаның директоры Нұржан Мақсотов Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттары туралы айтып, негізгі нәтижелерді атап өтті.

Батыс Қазақстан облысындағы бизнес субъектілерінің қорғалған мүліктік құқығының жалпы сомасы 6 млрд теңгені құраған. «Атамекен» өңірлік палатассының  8 жыл ішінде бизнесті қорғау желісі бойынша бір жарым мыңнан астам өтініш қаралды, олардың 947-сі бойынша кәсіпкерлер пайдасына шешім қабылданды. Кәсіпкерлерге көмектесу үшін палата өкілдері 130-дан астам сот процесіне қатысып, 500-ден астам іс жүргізу құжатын құрады. 8 жыл ішінде өңірлік палатада кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жүзден астам отырысы өтті, олардың бестен бір бөлігі көшпелі жиналыс түрінде өтті.

 Кеңес өз жұмысын жалғастырады: 2021 жылы 24 мәселе қаралды, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау және әкімшілік кедергілерді жою бойынша 69 ұсыным әзірленді, олардың көпшілігі мемлекеттік органдардан қолдау тапты. 8 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 150 әкімшілік кедергі анықталды (республикалық деңгейде – 61, жергілікті деңгейде – 83).

 «Биылдың өзінде 25 әкімшілік кедергі анықталған. Басым бөлігі – ресупбликалық деңгейде шешілуі тиіс мәселелер. Кәсіпкерлер жиі жүгінетін мәселелер қатарында: қоғамдық тамақтану объектілері қызметкерлері үшін міндетті медициналық тексеруден өтудің жиілігі, ЕАЭО аумағы бойынша транзиттік жүкті өткізу тәртібін оңайлату, ішкі шекара инфрақұрылымының жетілмеуі, мемлекеттік сатып алу, салық», – деп атап қтті Нұржан Мақсотов.

 Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерді қаржылай қолдау аясында «Бастау Бизнес» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Оқуға 8 мыңнан астам адам қатысты. Бизнес-жобаларды 6 мыңнан астам түлек қорғады, олардың жартысы 5 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру алды. 2021 жылға жоспар бойынша өңіріміздің 1250 тұрғыны оқудан өтті. Қосымша 354 адам –  «Аqjaiyq Atameken» Микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы әлеуетті несие алушы.

«Бастау Бизнес» түлектері алған гранттың жалпы сомасы 332 млн теңгені құрады. Соңғы төрт жылда өңірде берілген нсие сомасы өсуінің оң серпіні байқалады: 2020 жылы бұл сома 52%-ға өсті.

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе аясында Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы жалпы сомасы 37 млрд теңге болатын 268 жобаны сүйемелдейді. 30,2 млрд теңгенің 260 жобасы мақұлданды, 250 жоба қаржыландырылды.

Жеңілдікпен несиелеу қарастырылған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша мақұлданған несие сомасының басым бөлігі: АӨК саласындағы өңдеу (11,3 млрд теңгеге 8 жоба –  37,3%); АӨК-тегі өндіріс (10,3 млрд теңгеге 231 жоба – 34,2%); денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызмет көрсету (4,6 млрд теңгеге 11 жоба – 15,3%); өңдеу өнеркәсібіне (4 млрд теңгеге 10 жоба – 13,2%) жұмсалған.  

Паата мамандары  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындысын атай отырып, Өңірлік кәсіпкерлер палатасында 2020 жылы берілген несие сомасы бағдарламаға өзгерістер енгізу есебінен ұлғайғанын, ол бойынша тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыруға 100% несие беру мүмкін болғанын айтты.


Серіктестер