«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыстың кәсіпкерлері Қытай шекарасындағы жағдай салдарынан келісімшарт міндеттемелерін бұзуға мәжбүр

2021 жылғы 17 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
9813 просмотров

 ҚХР шекарасында тұрып қалған жүктерге қатысты жағдай Қазақстан пайдасына шешілмей келеді. Отандық экспорттаушылар мен импорттаушылардың қызметі Қытай тарапы жағынан шектеу салдарынан бірдей деңгейде тоқтап тұр. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының мамандары бұл мемлекетіміз қойған тыйымдардың салдары деп санайды. Тыйымдар шетелдік серіктестердің көз алдында ел экономикасы дамуы мен беделіне теріс әсер етіп жатыр.

 Осыдан бір апта бұрын отандық импорттаушылар Алашанькоу станциясынан жүктердің қозғалысы 20 қыркүйекке дейін тоқтатылғаны туралы ШҰАА-дан жеделхаттар алды. Осыған байланысты біздің импорттаушылар үшін жүкті күту мерзімі екі-үш айға дейін созылды. Кәсіпкерлер үлкен шығынға ұшырап, Қазақстандағы тауарлар қымбаттай түсуде. Бұл түпкі тұтынушының қалтасын қағып, тұтастай алғанда мемлекетіміздің экономикасына теріс әсер етеді.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Асқар Жақыпбаев шекарада жүктердің кешігуі салдары және Палата Үкіметке бұл жағдайдан шығудың қандай жолдарын ұсынатынын айтып берді.

 «Бізде Қытаймен екі жыл қатарынан жүктерді жөнелту, әкелуде қиындытқтар болып жатқаны баршаңызға белгілі. Осыған байланысты келісімшарттар бойынша міндеттемелер бұзылады, экспедиторлық қызметте шығындар өседі.  ҚХР тарапынан шектеулер теміржол және автокөлік бойынша жалғасып жатыр. Осы себепті біз үлкен шығындарға баттық: Қытайдан әкелінетін барлық затқа, киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, үй тоқыма бағасы өсуде. Ашық дереккөздерден алынған аналитикаға сәйкес, бүгінде бізде бағаның 40%-ға өсуі байқалады», – деді Асқар Жақыпбаев.

 Егер осыған дейін теміржол арқылы Қытайдан Қазақстанға ай сайын 75 вагоннан тұратын 4 состав жөнелтіп отырған болса, енді бұл көрсеткіш 4 есе, яғни 1 составқа дейін қысқарды. Бұдан бөлек, бүгінде Қытай, сондай-ақ Еуропа елдері жүкті контейнермен тасымалдауды құптайды. Мұндай тасымалдауда контейнерлер арнайы платформаларға орнатылады. Алайда Қазақстанда мұндай платформа саны шамамен 200 дана ғана. Ал біз Қытайдан айына орта есеппен 300 млн долларға 4 мыңға жуық контейнер әкелеміз.

Автомобиль көлігімен тасымалдауға келетін болсақ, Қытай тарапы адамдармен жеке байланысқа түспеу және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін металл торларды пайдалану туралы жаңа талап қойды. Жүк көтергіш кранның көмегімен автоматты платформадан орнатылатын және алынып тасталатын торға орналастырылады. Сонымен қатар, тордың да салмағы бар, бұл жайт жүктің рұқсат етілген салмағын азайтады. Осының бәрін ретке келтіру үшін уақыт пен ақша қажет. Ең бастысы, әр тасымал кезінде кәсіпкерлер жаңа тор дайндауға мәжбүр болады. Өйткені тауарларды жеткізгеннен кейін тор ешкімге қажет емес болып, тек металл сынығы ретінде қызмет етеді.

  «Қандай шығын көріп жатырмыз? – Егер жүк жөнелтілмесе, оны сақтау қоймасына жібереді. Жүкті сақтау шығыны орташа есеппен 200-300 долларды құрайды. Міне, сондықтан тауардың барлығы 40%-ға қамбаттауы да содан. Достық-Алашанькоу шекарасында Қазақстанға кіруі тиіс жүздеген жүк тиелген көлік тұр. ҚХР бір айға созылатын карантинге сілтеме жасап, өткелді ашуға асықпайды. Олар мұны порттар мен теміржол станцияларының жүктелуімен, контейнерлерге арналған бос платформалардың болмауымен түсіндіреді. Бірақ сонымен бірге Қытай Қазақстанды көлік дәлізі ретінде пайдаланады және біздің ел арқылы Еуропаға жүк жеткізу тоқтаусыз жүріп жатыр», – дейді Асқар Жақыпбаев.

 ҰКП мәліметтері бойынша 2020 жылы Қазақстан арқылы транзитпен Еуропаға 12 406 рейс жасалды. 2021 жылдың жеті айы ішінде Алашанькоу арқылы 3 651 пойыз өткен, ШҰАА-дан Еуропаға жеткізілімдердің өсуі 35% - ды құрады. Бүгін Германияның Дуйсбург қаласына күн сайын Қытайдан 4 пойыз келеді!

 «Транзит Қазақстан үшін жақсы: біз дәліз ұсынып, ол үшін ақша аламыз. Бірақ оның кері әсері де бар: қытайлар бізге жүк жөнелтуге асықпайды. Мысалы, басшылығы ШҚО Кәсіпкерлер палатасына осы мәселемен ресми түрде жүгінген «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС 17 маусымнан бастап «Қорғас» уақытша сақтау қоймасынан қажетті жинақтауыштарды ала алмайды және тиісінше жасалған шарттар бойынша өз өнімін жеткізуді жүзеге асыра алмай отыр. Кәсіпорын шарттық міндеттемелерді орындамады, сол себепті айыппұлдар, өсімпұлдар түрінде үлкен шығындарға ұшырайды. Сондықтан біз экспорттық дәліз ретінде әрекет ететін, бірақ тауарларды өзімізге апара алмайтын позицияны ұстамауымыз керек, – деді Асқар Жақыпбаев.

Спикер сондай-ақ осындай жағдай Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдаумен байланысты екенін атап өтті. Бұл ретте, күнжара, шрот, күнбағыс, күнбағыс майы және т. б. экспортына ҚР-да енгізілген шектеулер жағдайды қиындатады.

«Әрине, квота – тыйым емес. Бірақ, шектеу болған соң оған дейін жасалған келісімшарттарды экспорттаушыларымыз орындай алмайды. Ал келісімшарт орындалмаса – бұл жайт елдің іскерлік беделіне нұқсан келтіреді. Серіктестер: «Қазақстандықтармен не үшін жұмыс істейміз – оларға экспорттауға ертең тыйым салуы ықтимал» деп айтады. Орнымызға басқа жеткізуші келеді, біздің ұмытады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны түсінеді, бірақ ведомство алдында – елдің тамақтандыру міндеті түр. Дегенмен қатты сақтық таныту артық. Біз қандай бір нарыққа шықсақ, бізге сонда тұрақтану керек. Сондықтан түрлі шектеу мен тыйым енгізілмеуі керек, себебі біз шетелдік серіктес алдында өз беделімізді жоғалтамыз. Мысалға, былтыр күнбағысты экспорттауға тыйым салды, бітті – қытайлар басқа серіктестерді тауып алды. Ал бізде 50 вагоннан 12 мың пойыз жолда қалып қойды – бұл үлкен көлемдегі қаражат! Сондықтан біз паникаға түспей, Қытай немесе басқа ел  бағытында шекарамызды жаппауымыз керек», – деп санайды Палата өкілі.

 Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚТЖ-ның Қытай тарапымен жүргізген келіссөздері ештеңе бермегенін ескере отырып, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы шығыстың бизнес-қоғамдастығы атынан «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесуде Үкіметке таныстыру үшін өз ұсыныстарын енгізуге ниетті.

 «Бұл мәселеге Министрлік пен Үкімет өте мұқият қарау керек. Біздің қолымызда қашанда екі құрал бар, бірі – «қамшылайды», бірі – ынталандырады. Қамшы дегеніміз баж салығы. Өнімді елден шығарушылар үшін баж салығын енгізуге болады. Экспорттаушылардың келісімшарттары бар, баж салығын келісімшарт құнына қосуға болады. Есесіне біз бюджетті толықтырамыз. Бұл қаражатты ауыл шаруашылығын дамытуға, қайта өңдеу саласын субсидиялауға жұмсауға болады. Ресейде бұл бұрыннан бар: онда 30 тонна өнім үшін 1 доллар баж салығы салынады. Ал ынталандыру – біз өз өндірісімізді дамытуымыз керек. Мысалы, күнбағыс өңдеу бойынша ғана біздің кәсіпкерлер Семей қаласы және Глубокое ауданының Предгорное ауылында екі ірі зауыт салды. Шаруалар зауыттарға шикізатты тапсырған кезде оған қосымша субсидиялар төлеу керек, яғни зауыттарды шикізатпен толтыру үшін бизнесті ынталандыру керек», – дейді Асқар Жақыпбаев.

 Палата мамандары Үкімет нарықтық тұрғыда барлық тетіктерді қолдануы тиіс деп санайды. Осы мәселеде Қазақстанның нақты стратегиясын анықтап алу жөн – шикізат жеткізушілерді қай уақытқа дейін қолдайды, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді қалай қолдайды – және бұл екі бағыт бірдей дамуы керек.

 «Біз шикізатпен, өңдеумен айналысатын бүкіл бизнесті, сондай-ақ экспорттаушыны да, импорттаушыны да, трейдерді де қолдаймыз. Бізде Ресейден келісімшарт бойынша 10 мың тонна күнбағыс сатып алып, оны осында тасымалдап, әрі қарай Қытайға экспорттайтын кәсіпкерлер бар. Неліктен олар үшін квота түрінде қандай да бір кедергілер орнату керек? Оның үстіне, бұл өнім біздікі емес, ол кері экспортталады. Кәсіпкер осы өнімді әкелген кезде ҚҚС, барлық басқа салықтар мен баждарды төлеген кезде мемлекетке табыс әкеліп, жүкті экспортқа жіберген. Оның логист мамандары бар, жұмыс орындарын  да құрды. Жалпы трейдер – «көпір салатын» дәнекерші, басқа елдерде нарықтарға шыққан адам. Бұл сауда саласында маңызды рөл атқаратын, ең бастысы еліміз үшін іскер серіктестің беделін құратын звено. Сондықтан Палата барлық звеноны қолдайды, сондықтан Үкіметке сындарлы саясат жүргізу керек. Күнбағыс майы қымбаттаса, бітті –  тыйым салу мен квоталарды енгізуді доғару керек! Бұл ешқайда нәтиже бермейтін жол», – деп қорытындылады Асқар Жақыпбаев.

 Бұл мәселелер ШҚО кәсіпкерлер палатасы 2021 жылғы 20 қыркүйекте «Атамекен» Ұлттық палатасының басшылығымен кездесуде көтеріп, талқыға салады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер