«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанда «СтартПрофи Shygys» стенд-мобы басталды

2021 жылғы 09 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
7139 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сынып түлектерімен кәсіби бағдар жұмысы аясында «СтартПрофи Shygys» стенд-мобы өтіп жатыр.

Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің өкілдері мектеп оқушыларына оқу жүріп жатқан мамандықтарды таныстыруда, ал ШҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері кәсіпті енді бастаған кәсіпкерлерге мемлекет пен «Атамекен» ҰКП ұсынатын мүмкіндіктерді таныстырады.

Биыл  қаңтарда ҚР Парламенті VII шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Үкіметке бірінші жартыжылдықтың соңына дейін мемлекеттік бағдарламалардың жалпыұлттық жобаларға айналуын қамтамасыз етуді тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы қабылданып, оның негізгі міндеттерінің бірі – нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту.

Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыспен қамтуды дамыту ҰКП-ның «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар бойынша гранттар мен микронесиелер беру, жұмыс берушілердің өтініші бойынша оқыту және басқа да құралдармен жүзеге асырылып жатыр. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жастарды оқыту, гранттық қаржыландыру және шағын несиелендіру құралдарын қайта қарау жоспарланған.

 «Бүгінде елімізде өмірде өз орнын таба алмай жүрген, мамандық таңдай алмаған жастар көп. Әдетте олар колледждер мен жоғары оқу орындарына грант орындарына түсуге тырысып, бұл таңдаудың өмірлік маңызы барын түсінбейді. Алайда болашақ мамандықты таңдау өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі, оған алдын ала, мұқият дайындалу керек. Осы бағытта мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары жұмыс істейді – барлық жерде кәсіптік бағдармен айналысатын мамандар бар, құрылымның бәрі жолға қойылған секілді. Бірақ оқу орнын аяқтап, мамандығымен жұмыс істемейтін түлектер баршылық. Екінші-үшінші курсқа ауысқан студент мамандығының дұрыс таңдалмағанын, бұл бағыт өмірлік іс емес екенін түсініп, еңсесі түседі», – дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің бастысы Әсет Әділхан.   

 

«Атамекен» өкілі мамандықтарды оқытуға мемлекеттік тапсырыс мамандарға деген қажеттіліктен айқындалатынын еске салды. Сонымен қатар, кәсіпорындарда мамандарды жаңарту жүйесі іс жүзінде жұмыс істемейді, тәжірибелі мамандар зейнеткерлік жастың басталуына байланысты біртіндеп өндірістен кетеді, кәсіби отбасылық династиялар келмеске кетіп барады.

«Біз ата-аналар мамандықта таңдауда көп жағдайда балаға қысым жасағанына тап боламыз. Сондықтан Президент бұл мәселені атап, оны ерте кәсіптік бағдарлау арқылы шешу керегін белгіледі. Бүкіл жүйені қайта форматтау керек. Осы жұмыста негізгі рөлді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атқарады. Бүгінде колледждер мен ЖОО оқытушыларының сыныптарға келіп, мамандықтар туралы айтуы жеткіліксіз. Өздері туралы айтып беретін кәсіпорындар, өндірісшілер, бизнесмендердің табысты мысалдары қажет. Қызметте табысқа жеткен адамдар не мамандық алып, мамандығы бойынша жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істейтін, не осы мамандықты игеріп, өз ісін ашып, жаңа жұмыс орындарын ашатын балаларды өз энергиясымен қанаттандыруы керек», – деп түсіндірді ҰКП мақсаттарын Әсет Әділхан.

 Осыған байланысты, облыстық кәсіпкерлер палатасы ШҚО білім басқармасының кәсіби білім орталығымен бірлесіп, 2021 жылдың қарашасында мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында «Shygys СтартПрофи» стенд-мобын өткізеді.

Алғашқы стенд-мобтар 8 қарашада Жарма және Глубокое аудандарында өтті.

 Жарма ауданында 10 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымы жастар оқып жатқан мамандықтарды таныстырды. ШҚО ӨКП бизнес-тренері Бекжан Жұмакишев оқушыларға ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Жарма аудандық филиалының көрсететін қызметтері, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу және өз ісін дамытуға мемлекеттік гранттар мен микро несиелер алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

 Глубокое ауданында өткен «СтартПрофи Shygys» стенд-мобына кәсіптік-техникалық білім берудің 13 ұйымы қатысты. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Глубокое аудандық филиалының директоры Ұлан Мәжінов «Атамекен» ҰКП қызметінің негізгі бағыттары және Шығыс Қазақстан кәсіпорындарында сұранысқа ие мамандарды кәсіби дайындауда палата филиалының жәрдемдесуі туралы айтып берді.

«Қазіргі кезде Глубокое ауданына 34 мамандық: фармацевтер, аспаздар, хатшылар, бухгалтерлер, дәнекерлеушілер, слесарьлар, тракторшылар, шопырлар, шаштараз, тігіншіер, электр механиктер керек. Сондықтан кәсіптік-техникалық оқу орындарының өкілдері сізді оқытатын мамандықтармен таныстырады. Дұрыс таңдалған мамандық –  сіздің болашақтағы жетістігіңіздің кепілі», – деді Ұлан Мәжінов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер