«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыста су туризмі жанданады

2022 жылғы 29 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
6108 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің туризм комитетінің отырысында «Өскемен-Қатонқарағай» круиздік өзен маршруттарын іске қосу жобасы таныстырылды. Шығыс Қазақстан облысында су туризмінің бұрынғы даңқын жандандыру үшін Палата, облыс әкімдігі және оның салалық құрылымдық бөлімшелерінің көмегі қажет болады.

28 желтоқсанда ШҚО кәсіпкерлер палатасында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өңірлік орталығы, ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі өкілдерінің қатысуымен туризм комитетінің отырысы өтті. Жиынға ӨКП директоры Қайрат Мамырбаев төрағылық етті. Кездесу тақырыбы өзен көлігінде «Өскемен-Қатонқарағай» круиздік маршруттарын іске қосу бойынша «Белалекс» ЖШС жобасының таныстырылымы болды.

ЖШС директоры Ксения Белова кездесуге қатысушыларды 2020 жылдан бастап өзен трамвайларында су бетінде серуен ұйымдастыратын компанияның ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.

«Біздің бұл саладағы тәжірибеміз мол. Бір маусымда қызметімізді 40 мыңнан аса адам қолданады. «Белалекс» трамвайлары үш жыл қатарынан облыста қызмет көрсетеді, кқрнекі орынға айналған. Туристер де өзендермен серуендеуге асық болады. Бізге «Орел и решка» бағдарламасының түсірілім тобы, басқа да әнші, блогерлер келген», – деді Ксения Белова.

Спикер 2023 жыл туризм жылы екенін, Мемлекет басшысы экотуризм, этнотуризмді дамытуға үнемі назар аударатынын, онда ішкі жалпы өнімнің шамамен 8% көлемінде өсу әлеуеті жатқанын еске салды.

«Белалекс» ЖШС ШҚО кәсіпкерлер палатасымен бірге Өскеменнен Катонқарағай ауданына Үлкен нарым айлағына дейін өзен көлігімен жолаушылар тасымалына қажеттілікті зерделеу бойынша жұмыс жүргізді. Ксения Белова хабарлағандай, келесі жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар Катонға баруға дайын. Ол үшін жеткізудің үш тәсілі бар – автокөлік, тікұшақ немесе теплоходпен сапарлауға болады. Бірінші әдіс мүлдем ыңғайсыз, екіншісі бәріне қол жетімді емес, ал үшінші әдіс межелі жерге ыңғайлы жетуге ғана емес, сонымен қатар жол бойында табиғаттың сұлулығына таңдануға мүмкіндік береді.

 Қазіргі кезед кәсіпорында 5 су трамвайы бар. Жоспарды орныжау үшін бірнеше теплоход сатып алу және Үлкен нарымда айлақ салу қажет. Кәсіпорын иелері теплоход сатып алу қажеттігін айтып, оны алу үішн мемлекеттік-жекеменшік әріптестік немесе лизинг, гранттық қаржыландыру секілді қаржыландыур құралдары кеерк екенін айтты.

«Біз теплоход сатып алуға және жобаны іске қосуға көмек көрсетуіңізді сұраймыз. Яғни, алдымен алгоритм, іс-қимылдар реттілігін жасау керек. Кәсіпкерлер палатасынан осы жобаны іске асыру моделін бірлесіп әзірлеу үшін бізді 2023 жылға арналған коучинг – сүйемелдеуге алуды сұраймыз», – деп атап шықты кәсіпорынның қажеттіліктерін Ксения Белова.

Жоба жаңа жұмыс орындарын құруға, жағалаудағы бизнестің дамуына, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының өсуіне, облыстың жалпы өңірлік өнімінің ұлғаюына және тұтастай алғанда елдің турситік саладағы рейтингін арттыруға көмектеседі. «Белалекс» ЖШС және ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органмен бірлесіп жаңа Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігіне айналатын су туризмін жандандыруға және дамытуға болады деп санайды.

 Кездесуге қатысушылар «Белалекс» ЖШС жобасына қызығушылық танытты, ал ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры жаңа жылдық мерекелерден кейін бірден өзіне алған міндеттемелерін орындауға кірісуге ниетті.

«Алакөлді қалпына келтірдік, аяқтадық, Абай облысына бердік. Енді өзіміздің туристік бағыттарымызды көтеретін боламыз, әсіресе өңір басшысы Бұқтырма су қоймасының жағалауын дамыту бағдарламасында белгіленген жоспарларды айтқан болатын. Ал «Белалекс» ЖШС жобасы шынымен де қызықты, стандарттан тыс, біз су туризмінің осы бағытын әлдеқашан жоғалтып алдық, оны қалпына келтіретін кез келді», – деп қорытындылады Қайрат Мамырбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер