«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бөлшек салығы тұрақты негізде жұмыс істейді

2023 жылғы 20 Наурыз
7203 просмотров

Дереккөз: diapazon.kz

Бүгін Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осы заң шеңберінде Қазақстанда бөлшек салық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті түрде енгізілді және тұрақты негізде әрекет ететін болады.

Арнайы салық режимін жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады.  Бөлшек салық жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% мөлшерлемеде төленетін болады. Бұл ретте мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету бойынша құқық берілген, бірақ 50 пайыздан аспайды.

Сондай-ақ, бөлшек салықты қолданатын кәсіпкерлер қызметкерлердің кірісінен бірыңғай төлем төлей алады.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, бөлшек салықты тұрақта енгізуді енгізуді шағын және орта бизнес өкілдерінің көпшілігі күткен.

«Бүгін бізбен бірге мыңдаған кәсіпкер қуанып жатыр деп ойлаймын. Өйткені олар алынған табысқа қарамастан ҚҚС бойынша есепке тұрмайды. Бөлшек салық ҚҚС шегі бойынша проблеманы шешті. ҚҚС шегіне байланысты мыңдаған кәсіпкер  20 мың АЕК-тен аспау үшін «сұр аймаққа» кетуге мәжбүр болды. Енді бөлшек салықты қолдана алатын қызмет түрлерінің тізімін жасау қалды. Ұлттық палата ретінде біз бұл  тізімге мүмкіндігінше көп қызмет түрін енгізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», – деді Райымбек Баталов.

Еске салсақ, Қазақстанда бөлшек салық COVID-19 пандемиясы кезінде уақытша қолданысқа енгізілді. Содан кейін микро және шағын бизнесті қолдау мақсатында 114 қызмет түрі бойынша 3% мөлшерлемемен бөлшек салықтың арнайы салық режимі енгізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер