«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҚҚС мөлшерлемесі қандай болуы керек?

2023 жылғы 14 Сәуір
5491 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық палатасының алаңында жаңа салық кодексі шеңберінде салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бизнес өкілдері ҚҚС мөлшерлемесі мәселесін: салықтың бірыңғай мөлшерлемесін сақтау немесе сараланған мөлшерлемені енгізуді талқылады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы сараланған салық мөлшерлемесі бойынша мәселені қарауды Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде қойған болатын.

 «Салық мөлшерлемесін белгілеу – барлық кәсіпкерге қатысы бар маңызды, түйткілді мәселе. Шешімі оңай көрінгенімен мемлекеттік органдар шешім қабылдаған кезде бюджеттің толықтыруға сүйенетінін, сондықтан мөлшерлемелерді бәріне төмендету тәсілі қарастырылмайтынын түсіну қажет. Кәсібін адал жүргізетін бизнесті дамытуға ықпал ететін, бизнестің көлеңкеден шығуын ынталандыратын, шағын, микробизнестің орта, ал орта бизнестің ірі бизнеске көшуін ынталандыратын теңдестірілген шешімдер қажет», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Талқылау барысында қатысушылар Еуропа елдерінде ҚҚС-тың сараланған мөлшерлемелерін қолдану тәжірибесі кең таралғанын, бірақ бұл ретте ел экономикасының ерекшелігі мен даму деңгейін ескеру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ҚҚС-тің түрлі мөлшерлемелерінің мысалы ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі үшін COVID-19 пандемиясы кезінде ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесінің мысалы келтірілді.

«Учет» компаниялар тобының жетекшісі Максим Барышевтің айтуынша, қазақстандық экономика үшін «салық салу жүйесі барынша қарапайым және барынша қолжетімді болуы тиіс «қуып жететін» даму қағидаттарын қолдану» орынды. Спикер өзінің салық саясатында да осындай қағидаттарды қолданған Гонконгтың мысалын келтірді.

 «Салықтың түрлі мөлшерлемесі бухгалетердің жұмысын қыиындатады. кәсіпкер мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды қиындатады, ал белгілі бір салаларда немесе өңірлерде кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет «салық кэшбегі» деп аталатын механизмді енгізе алады», – деді Максим Барышев.

Жиында салық салудың мақсатын түсіну маңызды екені айтылды. Егер бюджетті толтыру мақсат болса, онда сіз кез келген салықтың мөлшерлемесін көтере аласыз немесе жаңа салық енгізе аласыз; егер мақсат экономикалық саясатты реттеу болса, онда түрлі құралдар бар.

Астық өңдеушілер одағынан Әлихан Талғатбек қолданыстағы ҚҚС салу жүйесін сақтай отырып, шикізат өңдеушілер үшін ҚҚС сомасын қайтару мәселесінің маңыздылығына назар аударды.

«Сараланған ҚҚС бойынша біздің ұсынысымыз – ҚҚС сараланған қайтаруды жасайық. Өйткені біз шикізат державасына айналып жатырмыз Али бүгінгі таңда шикізатты ел ішінде өңдеуден гөрі оны сатып алу және экспорттау тиімді. Бұл отандық экономика мен өндірісті дамыту үшін өте маңызды, күшті қадам болар еді», – деп есептейді спикер.

Ол сондай-ақ ТМД елдерінің мысалдарын келтірді, мұнда реттеу үшін импортталған және экспортталған өнімдерге түрлі ставкалар қолданылады.

Отандық өңдеу өнеркәсібін қолдаудың маңызы туралы позицияны фармакологиялық саланы өкілі Гүлдария Манакбаева да қолдады.

«Жергілікті өндіруші импортпен қатар ҚҚС төлеген кезде, дистрибьюторлар үшін импорттық тауарларды сатып алу тиімдірек болады», – деді ол.

Талқылау барысында кәсіпкерлер ҚҚС-тың сараланған мқлшерлемесіне көшу кезінде туындауы мүмкін оң түстарын да, түрлі тәуекелдерін де қарастырды.

Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан неғұрлым егжей-тегжей позиция  ұсынылғаннан кейін ҚҚС мқлшерлемесі бойынша мәселені талқылауды жалғастыру қажет.

Салық заңнамасын жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын жолдағысы келетін адамдар «Атамекен» ҰКП салық салу департаментіне info@atameken.kz электрон пошта арқылы ұсыныстар мен ескертулермен жүгіне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер