«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО кәсіпорындарына өнімділікті арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу ұсынылды

2023 жылғы 20 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5210 просмотров

Шығыс Қазақстан өндірушілеріне отандық өңделген тауарлардың сәйкестігін растау кезінде және сәйкестендіру құралдарын қолдану үшін жабдықтарды сатып алуға байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдау туралы хабарланды. «QazIndustry» АҚ өкілдері отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалануға шақырды.

 

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы машина жасау комитетінің (кеңесінің) кеңейтілген отырысында Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың модераторлығымен семинар өткізілді, оның барысында бизнес субъектілеріне «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ көрсететін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді.

«QazIndustry» АҚ еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарларды ішкі нарыққа жылжытуға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады. Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға тарту мақсатында орталық бүкіл ел бойынша оқыту семинарларын өткізеді. Бүгін «QazIndustry» АҚ өкілдері Сіздің салаларыңыз үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді», – деді қатысушыларға Қайрат Мамырбаев.

«QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясы басшысының орынбасары Айслу Жалмурзина 2023 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстанда отандық өңделген тауарлардың сәйкестігін растау кезінде және сәйкестендіру құралдарын қолдану үшін жабдықтар сатып алуға байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлады. Осылайша, 24 ай мерзімге 40% мөлшерінде кәсіпорындардың жұмыскерлердің құзыретін арттыруға (30 млн теңгеден аспайтын), өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, цифрлық технологияларды енгізуге (60 млн теңгеден аспайтын) жұмсаған шығындары өтеледі. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа жылжыту мақсатында өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығындардың 50% (3 мың АЕК-тен аспайтын), сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын қолдану үшін жабдықтарды сатып алуға байланысты шығындарды (10 мың АЕК-тен аспайтын) өтеу ұсынылады.

Өзара міндеттемелер ретінде екі жыл ішінде кәсіпорынның өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түсетін табысын мемлекет салған сомадан кемінде екі есе арттыру талап қойылды.

Бағдарламаға мемлекеттің және ұлттық компаниялардың 50% және одан артық акциялары жоқ басым тауарлар тізбесінен өнім өндіретін шағын және орта кәсіпорындар қатыса алады. Кем дегенде бір жыл жұмыс істейтің кәсіпорындар және міндетті зейнетақы жарналары, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі болмауы тиіс.

Шығындарды өтеуге өтінім беру үшін Астанаға барудың қажеті жоқ - www.qazindustry.gov.kz порталда нысанды электронды түрде толтыру және сканерленген құжаттарды PDF форматында тіркеу қажет. Өтінімдерді қаралу мерзімі 14 күн.

«Бізде «QazIndustry» барлық ұсынылатын ынталандыру шаралары тегін. 2015 жылдан бастап біз жыл сайын ШҚО-ға келіп, Сіздердің аймақтарыңыздан шығындарды өтеуге және кәсіпорындарды дамытуға көптеген өтінімдерді қабылдаймыз. Біздің қызметтерімізбен «Багратион Ұлан» ЖШС, «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» ЖШС және тағы басқалар пайдаланды. «QazIndustry» көмегімен Сіздер соңғы екі жылда жұмсалған шығындарды ғана емес, сонымен қатар болашақ шығындарды да өтей аласыздар – кем дегенде алдағы 6 жылға», – деп атап өтті Айслу Жалмурзина.

Отырыстың барлық қатысушыларына бағдарламаның шарттары жайында жазылған презентация табыс етілді және барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Бағдарламаның шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін кәсіпкерлер «QazIndustry» АҚ тел. арқылы жүгіне алады.: 8 (7172) 793-390, 793-391, 793-392, 793-393.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер