«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Елордалық бизнес-форумда тұрғын үй кешендерінің құрылыс салушылары құрылыс мәселелерін шешуді ұсынады

2023 жылғы 23 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
8742 просмотров

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік тапсырыстарды іске асыратын құрылыс саласының өкілдері ШҚО Кәсіпкерлер палатасының құрылыс кеңесі аясында 24 маусымда Астанада ресейлік девелоперлердің қатысуымен өтетін бизнес-форумда жария етуді талап ететін бірқатар мәселелерді талқылады.

 

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының құрылыс кеңесінде өткен дөңгелек үстелде тұрғын үй кешендерінің құрылысы бойынша жобалардың жетекшілері Бибигуль Кененбаева («Al Farabi» ТК), Руслан Алишев («Чистое небо» ТК), Алишер Казденов («Satti sity» ТК), сондай-ақ Қазақстан құрылысшылар одағының ШҚО бойынша өңірлік филиалының өкілдері – «VK Development Group» ЖШС өнім жөніндегі директоры Рауат Енсебаев, «VK Development Group» ЖШС сату орталығының жетекшісі Зульфия Жаксугунова кездесу өткізді.

Бизнестің айтқан проблемаларының бірі «7-20-25» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландыруды қысқарту болып табылады. Құрылысшылар бағдарламаны жүзеге асыруға бір жылға бөлінетін сома азаматтар мен нарықтың қажеттіліктерімен сәйкес келмейді деп есептейді, ол несиелеуге деген қажеттілікті екі айдан аспайтын мерзімге ғана өтей алады.

Кәсіпкерлер Өскемен қаласындағы сейсмикалық тұрақтылық нормасында жоғары деп есептейді, ол ҚР ҚНжЕ сәйкес 7 балды құрайды. Бұл норма 2006 жылы белгіленді және кәсіпкерлер қаланы сейсмикалық аймақтандыру картасын жасау арқылы оны қайта қарау қажет деп санайды.

Құрылысшылар үшін логистика, электр энергиясы мен жылу энергиясына қосылуға техникалық шарттар алу, құрылыс материалдарының барлық түрлерінің қымбаттауы және білікті кадрлардың тапшылығы проблемалары өзекті болып қалуда. Бұл ретте олар нарықты шетелдік қызметкерлермен толықтыру - кадрлық аштық мәселесін шешуге мүмкіндік береді және тиісінше бюджетке салық түсімін ұлғайтады деп сенеді.

Осы мәселелердің барлығын құрылыс салушылар жиынтық кестеге жинап, оларды шешу бойынша өздерінің нақты ұсыныстарын белгілеп, бизнес-форумда талқылауға ұсынбақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер