«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер жер ала алмай отыр

2023 жылғы 21 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
7713 просмотров

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің Самар ауданында өткен көшпелі отырысы өтті. Осы кедергі салдарыан фермерлік қожалықтар жерді заңды түрде пайдаланып, жем-шөп өсіре алмайды, мал бағып, қыста шөп жинай алмайды.

Жиын барысында ӨКП филиалының директоры Сәуле Қапасова самарлық кәсіпкерлер жер қатынастары саласында жүйелі проблемаға тап болғанын айтты. Жергілікті атқарушы орган бір жыл ішінде шаруа және фермер қожалықтарын жүргізетін кәсіпкерлерге жалға беру құқығын беру үшін бірде-бір конкурс немесе аукцион өткізбеген.

«2023 жылдың 4 мамырынан бастап Самар ауданында жер комиссиясы жұмыс істейді. Аталған кезеңде комиссия 11 отырыс өткізді. Алайда Самар ауданының жергілікті атқарушы органы бірде-бір конкурс өткізген жоқ. Бос жатқан жер учаскелері бар, олардың тізбесі барлық мүдделі органдармен және ұйымдармен келісілген. Жерді конкурсқа ұзақ уақыт шығармау кәсіпкерлерге біршама қиындық тудырды. Олар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тікелей мақсаты бойынша пайдалана алмай отыр, яғни мал жаю, шөп өсіру, жем-шөп дайындау және т. б.», - деді Сәуле Қапасова.

ӨКП филиалының директоры нақты деректерді айтып өтті, 44 жер учаскесінің 42 егістік жер учаскесі ескертусіз келісілген және 2 учаскесі (жайылым – 350 га және шабындық – 30 га) елді мекендерге жақын орналасқан және жергілікті халық осы учаскелерді жиі пайдаланатындықтан келісілмеген. Палата болса әкімдік ағымдағы жылдың соңына дейін конкурс өткізе алмайды-ау деп алаңдауда.

Аудан әкімінің орынбасары Рахат Әбуғали 25 тамызда жерге орналастыру жобасы бойынша жұмысты аяқтау жоспарланғанын, содан кейін бір ай ішінде сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат жарияланатынын айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша Игорь Шацкий Самар ауданының прокуроры Айдос Тұрсыновқа ШҚО Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлесіп жер учаскелерін беруге қатысты бизнестің өтініштері мен проблемалық мәселелеріне талдау жүргізуді сұрады. Сондай-ақ, ӨКП филиалының директоры Сәуле Қапасоваға жер алуға аса мұқтаж кәсіпкерлерді анықтап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алуға мұқтаж бизнес субъектілерінің тізімін қалыптастыруды тапсырды.

«Бұл салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар және олар кәсіпкерлік және инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылығы және туризм саласы жер учаскелерін берудің өте айқын, дәйекті тәртібіне тәуелді, ал егер мәселені шешу кешіктірілсе кәсіпкерлер табысынан айырылады, инвестиция құйылмайды», - деді Игорь Шацкий.

Кеңес Самар ауданы әкімдігіне жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізу үшін жан-жақты шаралар қабылдауды, сауда-саттықта сатуға жоспарланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін уақтылы қалыптастыруды қамтамасыз етуді және қол жетімді телекоммуникация желілері арқылы конкурстар өткізу туралы кәсіпкерлік субъектілерін уақтылы хабардар етуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер