«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттік кәсіпкерлерге сертификат рәсімдеу туралы түсіндірілді

2023 жылғы 07 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
8210 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында тауарлар мен өнімдерді сертификаттау бойынша жиын өтті. Кездесуге Палата өкілдері мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысқан кәсіпкерлер, ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қалалық департаментінің басшысы Бастар Есқараев қатысты.

Жиында жергілікті өнімдерді сертификаттау бойынша қолдау қызметтері туралы талқыланып, Бастар Әуелханұлы өндірілетін өнімдер мен тауарларға тиісті құжат алу туралы түсіндірді.

«Біздің басты мақсатымыз – жергілікті кәсіпкерлерді бизнеске жұмылдырып, экономикаға қажет өндіріс орындарын ашуға ықпал жасау. Қазақстандық «Бір ауыл – бір өнім» жобасы әлеуеті жоғары жобаларды тауып, шаруа қожалықтары, өндірістік мекемелер сияқты жергілік ішкі өнімде үлесі мол өндірістік тізбектерді дамыту бағытында жүзеге асырыла береді», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Бауыржан Бердалиев.

Жиын соңында департамент басшысы жергілікті кәсіпкерлерге сертификаттау бағытында қолдау көрсететінін айтып, тіисті құжаттарды рәсімдеуде, жеке кеңес беру бойынша өзара әріптестік туралы уағдаласты.

Айта кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қолға алынған «Мен кәсіпкер» бағдарламасының бір бөлігі саналады. Жоба аясында биыл алғаш рет Қазақстанның барлық өңірінде «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі ұйымдастырылды.

Жоба қарапайым азаматтардың тұрмыс деңгейін, өмір салтын жақсартуға, кәсіпкер әйелдердің өнімдерін өткізу нарығын кеңейтіп, алдағы уақытта экспортқа шығуына ықпал етуге бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер