«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Зайсан ауданының кәсіпкері асфальтбетон зауытын сатып алуға берілген қарыз қаражатын қайтару керектігімен келіспейді

2024 жылғы 11 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
6070 просмотров

- 2020 жылдың соңында "Жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкер "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының ШҚО бойынша филиалынан жаңа жаңғыртылған асфальтбетон зауытын сатып алуға қарызға қаражат алған, - деп хабарлады ШҚО Кәсіпкерлер палатасында. - 2022 жылдың күзінде зауыт толық қуатына шықты.

Кәсіпкердің ақпараты бойынша, өткен жылдың қазан айының соңында Қор қызметкерлері жоба бойынша тиімділік критерилерінің орындалуына мониторинг жүргізіп, тиімділіктің негізгі критерилері: жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту, табыстың өсуі, төленетін салық көлемін ұлғайту міндетері орындалмайтынын анықтады, бұл бағдарлама шарттарын бұзу болып табылады. Осыған байланысты Қор 14 миллион теңгеден астам көлемде алынған субсидияны қайтару туралы шешім қабылдады.

- 2023 жылы өңірде жол-жөндеу жұмыстары ұлғайды, асфальтбетон зауыты толық қуатқа шықты және тиімділік көрсеткіштері күрт өсті, - деп түсіндірді ШҚО Кәсіпкерлер палатасында. - Алайда ШҚО бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры 2023 жылғы көрсеткіштердің өсуін ескермеді, ал салыстыру үшін 2020-2022 жылдарды қабылдады. ЖШС ұсынған дәлелдер қабылданбады.

Айта кету керек, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Ережелеріне сәйкес, егер тиімділік критерийлерін орындалмаса, бірақ жоба іске асырылса және мақсатты пайдалану толық көлемде расталса, онда жоба бағдарламаның шарттарына сәйкес деп санау қажет.

- Бірақ бұл ережелердің күші жойылды, ал қолданыстағы ережелерде мұндай ескерту жоқ, - деп түсіндірді ШҚО Кәсіпкерлер палатасындағылар. - ШҚО бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының субсидияларды қайтару туралы шешімі асығыс деп санаймыз.

ШҚО Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Игорь Шацкийдің айтуынша, бұл бірегей жағдай. Кәсіпкерлер барлық міндеттемелерді адал орындағанымен, субсидияларды қайтаруға мәжбүр.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының ШҚО бойынша өңірлік филиалының директоры Медет Ерболұлы бұрын мұндай шарттар Ережелерде көзделгенін және тиімділік критерийлеріне қатысты мәселе оң шешілгенін растады.

- Бірақ қазіргі уақытта қарыз алушыға қатысты жаңа ережелер қолданылуда, онда бұл шарт жоқ, - деді ол. - Ұсыныс ретінде тиімділік критерилері үшін несиені мақұлдау жылын емес, кейінгі жылдарды салыстыру қажет. Ережелерге өзгерістер енгізу қажет.

Игорь Владимирович ШҚО Кәсіпкерлер палатасы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры орталық органы деңгейінде алынған субсидияны қайтару мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінуге тиіс екенін атап өтті.

- Бұдан басқа, кәсіпкерлер проблемаларының тізіліміне енгізу үшін "мемлекеттік қаржылық қолдаудың қағидаларын, нысандарын, мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізу мәселесі ҚР ҰКП-ға ұсынылсын, - деп атап өтті Игорь Шацкий.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер