«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мектеп асханаларын жалға алушылар оқушылардың жасына қарай тамақтану нормаларын қайта қарауды сұрайды

2024 жылғы 10 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5009 просмотров

 ШҚО Прокуратурасы ҚҚС есебімен тамақтану нормаларын қайта есептеу туралы ұсынғаннан кейін кәсіпкерлерге қысым көрсетіліп, порциялардың салмағы тексеріле бастады.

"Палатаға жағдайды түсіндіруді сұрап, бизнес өкілдерінен өтініш түсті», – деді ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева.

 Еске салсақ, өткен аптада ШҚО прокуратурасы өңірдің білім басқармасына қосылған құн салығы енгізілмеген тамақтану нормаларын есептеу кезінде бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Мектеп асханаларын жалға алып отырған 11 кәсіпкердің құқығы бұзылды.

Асхананы жалға алушылар айтқандай, шын мәнінде, тамақ порциясының массасы баланың жасына байланысты болуы керек. Шартты түрде жас ерекшелігі бойынша үш санат бөлінеді: 6-10 жас, 11-14 жас және 15-18 жас.

 "Бізде ҚҚС-сыз күніне 620 теңге есебінен бір оқушыға жұмсалатын шығындар сомасы белгіленген.   Жоғары сынып оқушылары үшін тамақтану нормалары айтарлықтай жоғары. Бірақ біз басқа мөлшерлеуді сақтай алмаймыз, өнімдер айтарлықтай қымбаттады және тамақтану бағасы үш жылдан бері өзгерген жоқ. Өндірістік бақылау, жұмыс киімдері, еңбекақы, салықтар, коммуналдық төлемдер сияқты басқа шығындар да есепке алынбайды. Сонда жалпы құны 760 теңге болуы керек. Біз қазір шығынға жұмыс істеп жатырмыз», – деп түсіндірді мектеп асханаларының бірінің жалға алушысы.

ШҚО білім басқармасында ҚҚС бойынша норма тиісті ведомстволар тексеріс жүргізіп, қорытынды жасап, төлем жасағаннан кейін қайта есептелетінін атап өтті. Бірақ жас бойынша нормаларды есепке алуға қатысты нормативтерді әзірлеу қажет. Қазіргі кезде есептеудің нақты әдістемесі жоқ.

«Өнімнің құны stat.gov.kz сайтының статистикалық мәліметтерінен есептелді, – деп хабарлады ведомство мамандары.

Бұл тәсіл тағамның нақты құнын көрсетпейді.

Сонымен қатар, ШҚО прокуратурасының өкілдері келесі оқу жылына білім басқармасы бюджетке түзетулер енгізуі үшін ҚҚС, жас нормативін, азық-түлік құнының баға ұсыныстарын ескере отырып, жаңа нормаларды әзірлеуге кірісу қажет екенін атап өтті.

 Әлия Мұқашеваның айтуынша, кездесу қорытындысы бойынша есептеу әдістемесін егжей-тегжей зерделеу және әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Комиссия құрамына мектеп асханаларын жалға алушылардың өкілдері, ШҚО білім басқармасы, прокуратура және ШҚО Кәсіпкерлер аалатасы кіреді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер