«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Биыл «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтпеуі мүмкін

2024 жылғы 23 Сәуір
2137 просмотров

«Атамекен» ҰКП «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізуден бас тартуды ұсынды

Алдын ала мәлімет бойынша, бірқатар өңірдегі су тасқыны бизнеске 28 млрд теңге көлемінде шығын келтірген. Кәсіпкерлер де, қарапайым қазақстандықтар да елімізде орын алған су тасқынын ескере отырып, «Атамекен» ҰКП уәкілетті министрлікке 2024 жылы өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізуден бас тартуды ұсынды.

Сонымен қатар, ұйымдастыру шығындарынан үнемделген қаражат зардап шеккен кәсіпорындар мен азаматтарға келтірілген залалды жабуға бағытталуы мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер