Өскеменде Summer Fest жазғы фестивалі өтеді
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы креатив индустрияны дамыту кеңесі жазғы шығармашылық фестивалін ұйымдастырып жатыр.
Кеңес төрайымы Аяжан Қайырханқызының айтуынша, облыстың барлық шығармашыл адамдары үшін алаң құрыладыү
«Тоғыз бағыт: киноиндустрия, музыка, көркемсурет, киіз басу, ғылым және тарих, туризм, жануарлар әлемі, экологиялық білім, фудкорт қамтылып отыр. Қазақстаннан ғана емес, тіпті Франциядан да танымал шығармашылық тұлғаларды шақыру жоспарланған», - деді спикер.
Айта кету керек, креатив индустрия өте кең және көптеген қызмет салаларын қамтиды, сондықтан Креатив индустрияны дамыту кеңесінің жанынан жеті кіші кеңес құру туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, креатив туризм, жастар креативі, орындаушылық өнер, әлеуметтік кәсіпкерлік, қолөнер және халық шығармашылығы, киноиндустрия, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша кіші кеңес.
Отырыста педагогикалық кеңестердің төрағалары бекітілді. Енді кеңестің қызметі кеңейтілді, сонымен қатар аудандарда да өкілдік ашу көзделген. Өйткені дәл осы салада жаңадан бастаған кәсіпкерлерді бағыттайтын ақпарат жеткіліксіз.
Айта кетейік, облыстың барлық аудандарында ШҚО Кәсіпкерлер палатасының филиалдары бар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: