«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бұқтырмадағы демалыс базаларының иелеріне сұйық тұрмыстық қалдықтарды ауыз сумен сұйылту ұсынылды

2024 жылғы 05 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
4598 просмотров

Жағажай маусымының ашылу қарсаңында кәсіпкерлер нәжісті қабылдаудағы өзгерістер туралы хабарлама алды.

«1 маусымнан бастап Жаңа Бұқтырма кентінің жылу-су орталығы сұйық тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға су бұру қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартқа өзгерістер енгізді, - деді туризм мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев. - Өзгерістерге сәйкес, тұтынушы сұйық қалдықтарды өз көлігінде арнайы белгіленген жерде жеткізіп, қалдықтарды ауыз сумен сұйылтуы керек. Бұған дейін сүйық қалдықтар сұйылтылмай қабылданатын».

«Вояж-Алтай Қазақстан» ЖШС директоры Ирина Клиновицкая шартқа кәсіпкерлер пайдаланбайтын қызметтердің басқа түрлері енгізілгенін, бұл қызмет құны қымбат екенін атап өтті.

ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Арман Мәлік шарт міндетті түрде үлгілік болуы тиіс екенін түсіндірді.

«Мұндай шартта тарифтік кесте көрсетілмеген», - деп атап өтті Арман Сапарғалиұлы. – Өйткені тариф жыл бойы өзгеруі мүмкін. Сондықтан бизнесмендерге құнның өзгеруі туралы алдын-ала қосымша хабарлау қажет болады».

Алайда, ол нәжісті сұйылту үшін ауыз суды пайдалану фактісіне ашуланды.

«Ел Президенті ауыз суды үнемдеу және ұтымды пайдалану туралы айтады, - деді Арман Малик, - әл бізде бәрі керісінше».

Жылу-су орталығының өкілдері тазарту құрылыстары тек Жаңа Бұқтырма кентінің тұтынушыларынан қабылдауға арналған деп мәлімдейді. Және олардың желілеріне қосылмағандарға қызмет көрсетудің қажеті жоқ.

«Егер қалдықтар мәселесін шеше алмасақ, өңірде туризм қалай дамиды?», - деді Қайрат Нұржанұлы. - Жазғы маусым қысқа, бұл мәселені бірлесіп шешу керек және қазір қайта құру және дамыту бойынша ұсыныстармен шығу керек. Алакөл мысалын қолдануға болады. Болашаққа жұмыс істейік».

Арман Мәліктің айтуынша, кәсіпорын тарифте ішінара қайта құру немесе модернизацияны ескеруі мүмкін.

Әкімдік хабарлағандай, 7 тұнба картасының тек 5-і ғана жұмыс істейді. Екі бос тұрған қабылдағышты жөндеуге 15 миллион теңге бөлінді. Сондықтан тұнба карталары бітеліп қалмас үшін қабылдау талондар бойынша жүргізіледі.

Айтпақшы, коммуналдық ведомство демалыс базаларының иелеріне шағымданды. Өйткені барлық қалдық қатарынан түсіп, құрылыстар үнемі бітеліп қалады.

Кездесу қорытындысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті үлгілік шартты қарауға қосылады, барлық тараппен тағы да талқыланады деп шешті.

Арман Малик заңнамаға сәйкес тұтынушыларға негізсіз талаптар қоюға тыйым салынатынын, сондықтан қалдықтарды сұйылту мәселесі де тексерілетінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер