«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сауда саласының кәсіпкерлеріне тауарларға тапсырыс беруді жеңілдету және жұмысты оңтайландыру ұсынылды

2024 жылғы 31 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
5973 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасында Сауда және интеграция министрінің кеңесшісі Мамед Қалдыбаевтың қатысуымен Сауда және қызмет көрсету Кеңесінің отырысы өтті.

Облыстың бизнес-қауымдастығына көтерме-бөлшек сауданы цифрландыру бойынша IT-жоба таныстырылды: UTMT (Urban trade management technologies) бұл – логистикалық және ақпараттық шешімдер кешені және сауда мен халыққа қызмет көрсету саласындағы процестерді оңтайландыру.

Жоба әзірлеушілердің сөзінше, бұл онлайн-нарық, өндірушілер, дистрибьюторлар, жеткізушілер өз тауарларын дүкендер үшін қолайлы бағамен ұсынатын сауда алаңы. Дүкендер, сауда нүктелері жеткізушілерден өздеріне қажет барлық өнімге тапсырыс беріп, төлем және жеткізу әдісін таңдауға мүмкіндік алады.       

«UTMT енгізу сауда кәсіпорындарына тауарларды тұтынушыға жеткізу процесінің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, шығындарды азайтуға және сауда алаңдарын, қоймаларды, сауда жабдықтарын пайдалану кезінде шығындар деңгейін төмендетуге, жарнамалық өнімдерге шығындарды азайтуға және адами фактордың әсерінен болатын қателіктерді болдырмауға, халықтың сатып алу қабілетінің деңгейі мен еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті компания өкілі Андрей Садоян.

Айта кетейік, жоба әлі әзірленіп жатыр, оның бір бөлігі қазірдің өзінде іске қосылып, сынақ режимінде жұмыс істеуде.

Жаңа платформа арқылы тауардың жеткізушіден сатып алушыға дейінгі қозғалысын бақылауға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер