«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«БІР АУЫЛ-БІР ӨНІМ» КӨРМЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

2024 жылғы 14 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
5547 просмотров

Естеріңізге сала кетейік, «Бір ауыл-бір өнім» компоненті 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде құрылған «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралының бағыттарының бірі болып табылады. «БАБӨ»- ың басты мақсаты-қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, кәсіпкерлерге өз өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге, әрі қарай экспортқа шығуға жәрдемдесу.

Біздің өңірдің бизнес-қоғамдастығының 20-дан астам өкілі өз өнімдерін жәрмеңкеде ұсынады: шай, бал, зергерлік бұйымдар, киізден жасалған бұйымдар, ірімшіктің әртүрлі түрлері, құрт, қолдан жасалған сабын, саздан жасалған бұйымдар, қымыз және тағы басқалар.

«Бір ауыл-бір өнім» көрмесі 2024 жылғы 17 тамызда сағат 10:00-ден бастап өтеді.

Мекен-жайы: "Гостиный двор" СО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 159.

Барлығына кіру тегін!

Жобаға қатысу туралы қосымша ақпаратты ШҚО Кәсіпкерлер палатасынан Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1 мекенжайы бойынша немесе 8(7232)742-810 телефоны бойынша алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер