«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері Астана қаласының сауда желілеріне өнім жеткізуге мүмкіндігі бар

2024 жылғы 19 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
5263 просмотров

«Astana» ӘКК АҚ өкілдері ШҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнесмендерге өзара ынтымақтастық пен әріптестік қарым-қатынас және Астана қаласын әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету тәсілдері туралы айтып берді.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәкен Абдуллиннің айтуынша, компания тіпті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер мен жеткізушілер үшін жеңілдетілген қарыздар беруге дайын.

«Astana» ӘКК АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Ансар Амангелдинов айтып өткендей, 0,01% жеңілдікті несие беру кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен сатуға көмектеседі.

«Бірінші кезекте, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 атауының ішінен елорда нарығы сүт өнімдеріне, күнбағыс майына, қарақұмық жармасына, етке мүдделі», - деп атап өтті Аңсар Амангелдинов.

Ол сондай-ақ жеңілдетілген несие берумен қатар, компания жеткізушілерді өнімді сату нүктелерімен қамтамасыз етуге міндеттенетінін айтты. Өз кезегінде өндірушілер өз өнімдерін үздіксіз жеткізуі керек.

«Несиелеу мерзімі бір жыл, бірақ шартты ұзарту мүмкіндігі бар", - деді Ансар Амангелдинов.

Басты мақсат - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу.

Жеңілдетілген қарыз алу үшін барлық қажетті ақпарат, құжаттар тізімі astana-spk.kz сайтында жарияланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер