«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жайлы мектеп»: сұраныс пен ұсыныс

2024 жылғы 09 Қыркүйек
- Алматы қаласы
3873 просмотров

Дереккөз: vecher.kz

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматыда жаңа үлгідегі 22 мектеп салу жоспарлануда. 1 қыркүйекте Әуезов ауданында 600 орындық бір мектеп қолданысқа енгізілді. Тағы 12-ін жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда. Ұлттық жобаға қатысуға мегаполистің 222 тауар өндірушісі ниет білдірді. Олар жаңа білім беру нысандарын керек-жарағымен толық қамтамасыз етуге дайын. Не кедергі?

Жобаның басты міндеті - халықтың тығыздығы жоғары өңірлердегі апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқытуды жеңілдету. Мегаполис тұрғындарының өсу қарқынын ескере отырып, қала үшін жалпы білім беру мекемелерінің жетіспеушілігі мәселесі өте өзекті. Республика бойынша мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ең көп саны үш өңірде – Түркістан,  Алматы облыстарында, және Алматы қаласында тіркелген. Ағымдағы жылдың 1-ші маусымынға өткізілген есеп бойынша Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі 665 430 бала тұрады. Қаланың барлық аудандарында оқушы орындарының тапшылығы қалыптасты. Ұлттық жоба аясында мектеп салу картасы осылай көрінеді:

  • Түрксіб ауданы - 6400 орындық 4 мектеп;
  • Наурызбай ауданы - 7900 орындық 5 мектеп;
  • Медеу ауданы - 2000 орындық 1 мектеп;
  • Жетісу ауданы - 1200 орындық 1 мектеп;
  • Бостандық ауданы - 6000 орындық 3 мектеп;
  • Әуезов ауданы - 600 орындық 1 мектеп;
  • Алмалы ауданы - 1500 орындық 1 мектеп;
  • Алатау ауданы - 11500 орындық 6 мектеп;

Ұлттық жобаның шарттары талап еткендей, олар заманауи жабдықтармен және сапалы жиһаздармен жабдықталуы керек. Қажетті сертификаттары бар және «жайлы мектепке» қатысуға ниет білдірген тауар өндірушілердің айтуынша, Алматы кәсіпорындарының әлеуеті жеткілікті.

«Біздің компания 20 жылдан астам уақыт бойы жиһаз өндіріп келеді. Біз кеңсе, мектеп жиһаздарын, өнеркәсіптік ас үй металл жиһаздарын, меттал шкафтарын және т. б. өндірістегі сандық басқарумен  істейтін жабдықтар ең заманауи болып табылады. Біз қызметкерлерді олармен жұмыс істеуді үйреттік. «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда біз бір мектепті жабдықтауға келісім-шарт жасадық. Біздің қоймаларда дайын жиһаз бар екенін ескере отырып, біз шарт бойынша қажеттілікті еш қиындықсыз жабуға қауқарлымыз. Сондықтан қазіргі уақытта біздің өндірістің жүктемесі шамамен 20-25 пайызды құрайды. Оқу жылының басталуымен біз тағы да жұмыссыз қалып отырмыз, цехтар тоқтап тұр. Өндіруші ретінде біздің тілегіміз: егер мектеп жабдықтары мен жиһаздарын сатып алуды мердігерлер емес, «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы жасаса жақсы болар еді. Біз жайлы мектептер үшін қажетті жиһаздың толық циклін сенімді түрде шығара аламыз және қазіргіден әлдеқайда көп көлемді орындай аламыз», - дейді  «Альфа Плюс» ЖШС директоры Әлібек Нәлібаев.

20 жыл бойы мектеп жиһазын өндірумен Алматының басқа да ірі өндірушілердің бірі – «ПКФ Торнадо Plus» ЖШС айналысады. Осы уақыт ішінде кәсіпорын бүкіл ел бойынша 4,5 мыңға жуық мектепті қажетті жиһаздарымен және жабдықтарымен жабдықтады. Алайда, оның жетекшісі Игорь Проценконың айтуынша, мегаполистегі жиһаз компаниялары жобаға толықтай қатыса алмайды. «Жалған өндірушілер» деп аталатындар жолын кеседі.

«Жайлы мектеп» жобасында қолданылатын үлгілерге сәйкес келетін жиһаздың аз мөлшерін өндіріп сертификат алатын компаниялар бар. Содан кейін дайын жиһазды Қытайдан алып келіп, өздері өндіргендей болады. Сырттан әкелінген жиһаз екі есе арзан. Осылайша, нарықта 10, 15, 20 жыл немесе одан да көп жұмыс істейтін отандық тауар өндірушілер қажетті көлемді шығара алса да, тапсырыссыз қалады. Өйткені олардың өнімдері сырттан әкелінгеннен қымбатырақ. Демек, құрылысшылар да (оларға кәні таға алмаймын) арзанырағын алғысы келеді. Мысалы, биылғы жылы біз тек бір жобаға қатыса алдық, ол да Алматыдан алыс жерде орналасқан. Бұл небәрі 300 орындық мектеп», - дейді «ПКФ Торнадо Plus» ЖШС директоры, ҚР Жиһаз өндірушілер гильдиясының басқарма мүшесі Игорь Проценко.

СТ-KZ тиісті сертификаты бар және коммуникациялық жабдықтардың толық циклін шығаратын отандық тауар өндірушілердің бірі – «Элтекс Алатау». Оның директоры Нұрлан Жәнібековтың айтуынша, «жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырудың бірінші кезеңі оны жетілдіру керектігін, ол үшін қандай шаралар қажет екенін көрсетті.

«Бірінші: Мен осы процеске қатысушылардың барлығының құрылымдық және ұйымдастырылған жұмысын қалаймын. Тапсырыс беруші, бас мердігерлер, мердігер және сәйкесінше біз жеткізушілер ретінде. Екінші: барлығына отандық тауар өндірушілердің басымдыққа ие екендігін көрсететін Нұсқаулық құжат қажет. Мысалы, егер отандық өндірушінің өтінімі болса, онда басқа шетелдік жеткізушілердің өтінімдері екінші кезекте қаралуы керек. Тиісінше, бұл құжатта: қай аймақта қандай мектеп екендігін, қай мердігер алып отыр, оның байланыс телефондары, нақты компанияда нақты тауар позицияларын сатып алу үшін отандық тауар өндірушімен жұмыс істеуге кім жауапты? – осы ақпараттың барлығы ашық түрде көрсетілуі керек. Үшінші: Бұл процесті кім басқарады? Бұл жағдайда, әрине, «Атамекен» ұлттық палатасы болғанын қалаймын. Оған жұмыс тобы шеңберінде ғана емес, ескертулер беруге мүмкіндігі бар орган ретінде және бұл ескертулер «Samruk-Kazyna Construction»   басшылығы деңгейінде де, Үкімет деңгейінде де қаралуы үшін, өйткені бұл мемлекеттік, ұлттық жоба», - деп Нұрлан Жәнібеков өз пікірін білдірді.

Мұның өзіндік себептері бар, - деп түсіндіреді ол. Өндіріс процесі көп уақыт алады. Өндіруші шикізатты, компоненттерді сатып алып, өндірісті жаңғыртуы керек. Келісімшарттарды алдын-ала жасау (келесі жылға бекіту мүмкіндігі) өндіруші компанияларға олардың ұлттық жобаға қатысуына кепілдік беріп қана қоймай, жұмыс процесін біркелкі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер