«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өскемен арматура зауыты отандық тауар өндірушілерді қолдауды сұрайды

2024 жылғы 26 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
3162 просмотров

Кәсіпорын Қасым Қайсенов кентіндегі жылу желілерін қайта құру жобасы бойынша мүдделерді қорғау үшін ШҚО кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Зауыт бекіту арматурасын жеткізуді жоспарлаған. Тапсырыс беруші «Ұлан ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.

«ЖСҚ-ға сәйкес жергілікті отандық өндірістің бекіту арматурасын қолдану көзделген. Бұл ретте шетелдік өндірістің бөлшектерін сатып алу ел заңнамасының бұзылуына әкеп соғады», - деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Өскемен өнеркәсіптік арматура зауытының өңірлік сату бөлімінің басшысы Елдос Хакимовтың айтуынша, мердігер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға мән бермей, шетелдік өндірістегі шар крандарын сатып алған болуы мүмкін.

Ұлан ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Руслан Кисембинов атап өткендей, жобаның ЖСҚ мен заңнамаға сәйкестігіне мониторинг үнемі жүргізіледі. Авторлық қадағалау өкілдері апта сайын нысанға барып, барлық кезеңдерді бақылайды.

Бас мердігердің айтуынша, өнеркәсіптік арматура зауыты уақытында жеткізіп бермеген және баға саясаты оларға сәйкес келмеген.

Нысан бюджет қаражатына қаржыландырылатындықтан, кездесу қорытындысы бойынша жобадан ауытқуды болдырмау үшін аталған объектіні мониторингілеу мақсатында комиссия құру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер