«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Объектілерді пайдалануға беру үшін көтерме сомалар ШҚО кәсіпкерлеріне қойылуда

2024 жылғы 23 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
2183 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасының тізіліміндегі жергілікті өңірлік кедергілердің бірі Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде көтерілді.

2023 жылы ШҚО кәсіпкерлер палатасы Ұлан ауданы филиалының қарауына кепіл мүлкі мәселесі бойынша кәсіпкерлердің өтініштері келіп түскен.

Филиал директоры Әсел Құсметова айтып өткендей, құжаттарды дайындау кезінде кәсіпкерлер жаңадан салынған құрылыстарды (сарай, жазғы ас үй және т.б.) пайдалануға беру кезінде мәселеге тап болды, себебі қандай да бір құрылымға белгіленген баға прейскуранты болмаған.

«Рәсімнің құны заңды тұлғалар үшін миллион теңгеден астам көлемді құрайды», - деді Әсел Құсметова. Сондай-ақ салынған объектіге мүліктік құқықты тіркеу кезінде енгізу актісі айрықша бастапқы құжат болып табылатынын атап өтті. Объектілерді пайдалануға беру құжатының болмауы «Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер (2-нысан). Өз кезегінде, кепіл мүлкін бағалау кезінде шаруашылық құрылыстарының болуы не болмауы маңызды рөл атқарады.

Аталған проблема ауқымды сипатқа ие және оны тек республикалық деңгейде мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу арқылы мысалы, техникалық паспортты алу арқылы шешуге болады.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ШҚО Прокуратурасынан, «Атамекен» ҰКП орталық аппаратынан «Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру актісі» құжатын алуды мемлекеттік қызметтерге енгізу туралы өтінішхат жолдау, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігін қосу туралы шешім қабылданды.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы проблемаларының тізіліміне Самар ауданының Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы қоқыстарды шығару, электрмен жабдықтау және ұялы байланыс мәселелері де кіреді.

Самар ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша электрмен жабдықтау желілері бойынша конкурстық рәсімдер жарияланып, жеңімпаз жарықтың үздіксіз берілуін қамтамасыз етсе, онда қоқысты, әсіресе сұйық қалдықтарды орталықтандырылған шығару жағдайы әлі шешілмеген. Ауданда жалғыз сұйық қалдықтарды қабылдағыш бар. Оның өзі жағалаудан алыс орналасқан. Әзірге бұл сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашеваның айтуынша, бұл мәселелердің барлығы Самар ауданының прокуроры Айдос Тұрсыновтың бақылауында.

Самар ауданының әкімдігіне ҚТҚ шығаруды ұйымдастырудың нақты мерзімдерін ұсыну, сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар беру және электр беру желісіне байланысты үдерістерді жеделдету ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер