«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылыс бар

2024 жылғы 26 Қараша
- Алматы қаласы
2217 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына оқу-іскерлік сапармен Қытай делегаттары келді. Бұл жолы Алматыға Бейжің, Хэбэй, Женьжень, Циндао және Шанхай қалаларының салықтық басқару, басқару және консалтинг саласындағы мамандар, сондай-ақ Шыңжаң университетінің өкілдері келді. Қонақтардың сапарының мақсаты - Алматы сонымен қатар Қазақстанның басқа өңірлерінің кәсіпкерлерімен халықаралық ынтымақтастық құру.

Делегацияны визуалды және гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты құрды.

«Біз сіздің еліңіздің сапалы кәсіпорындарымен тиімді байланыс арналарын құруға ниеттіміз. Бұл екі тарапқа да өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және жылжымайтын мүлікте сауданы, техникалық алмасуды және бизнес-ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын дамытуға көмектеседі. Алғашқы сапарымызда өзара ақпарат алмасуға, ынтымақтастық үшін әлеуетті мүмкіндіктерді анықтауға және екіжақты бизнестің өзара тиімді дамуының жолдарын қарастырудамыз», - деді делегация басшысы Тан Синьи.

                             

«Атамекен» палатасының еліміздің барлық облыстары мен үш мегаполис қалаларында ұсынылуы шетелдік компанияларға әрбір өңірмен тікелей ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 1 қыркүйегіне республикамызда иелері Қытай азаматтары немесе ұйымдары болып табылатын 4 674 заңды тұлға мен филиал тіркелген. Бұл Қазақстанның бірлескен халықаралық жобаларының ішіндегі ең үлкен үлесі.

«Кәсіпкерлер палатасы халықаралық ынтымақтастыққа әр кез дайын және бизнес пен экономиканы дамытуға бағытталған шетелдік ұйымдармен әріптестік үшін ашық», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының шағын кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасары Ақеркін Эралиева.

                                 

Екі елдің іскерлік байланыстарын нығайтуға Қазақстан мен Қытайдың бизнес-өкілдіктері де жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың сәуір айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен СУАР-да Қазақстанның өкілдігі құрылды. Тамыз айында Алматыда бизнес-инкубаторы бар СУАР-ның осындай өкілдігі ашылған-тын.

«Біз инвестициялық жобаларды қарастыруға дайынбыз. Ең тартымдысы бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық ресімдеуде консультациялық сүйемелдеу көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті «SIIP Silk Way International Innovation Park» ЖШС бас директоры, өкілдіктің басшысы Данияр Тұрсынбеков.

                       

Алғашқы кездесу танысу сипатында өтті. Тараптар байланыс алмасып,  ынтымақтастық перспективаларын талқылауға дайын екендігін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер