«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сауда мен қызмет көрсету саласын дамыту: Түркістан облысындағы басымдықтар мен жоспарлар

2024 жылғы 02 Желтоқсан
- Түркістан облысы
545 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында «Сауда және қызмет көрсету» салалық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелерінің қолдауымен кеңестің тұрақты мүшелері қайта жасақталып, жаңа төраға бекітілді. Ашық дауыс беру нәтижесінде, «Сауда және қызмет көрсету» салалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы ретінде ЖШС «dorba TURKISTAN» құрылтайшысы Искенов Жеңісбек Мұхтарұлы сайланды.

Сонымен қатар, кеңес отырысында сауда және қызмет көрсету саласын дамытуға арналған ұсыныстар мен мәселелік сұрақтар қаралды. Кеңес мүшелері саладағы негізгі мәселелерді талқылап, оларды шешу бойынша нақты шараларды анықтауға бағытталған жоспар құрды.

Кеңес мүшелері саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасында тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге келісті. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірленді.

Бұл отырыс Түркістан облысында сауда және қызмет көрсету саласының дамуына жаңа серпін беріп, саладағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер