«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттардан өтінім қабылдау басталды

2024 жылғы 18 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
289 просмотров

2025 жылғы 27-29 қаңтар аралығында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесіне делегаттарды (мүшелерді) сайлау өтеді. Қызылорда облысының Өңірлік Кеңесіне кандидаттардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 18-31 желтоқсанды қоса алғанда жүзеге асырылады. Құжаттар Қорқыт Ата көшесі 123, 3 қабат, 315 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады. Кандидаттар салалық және аудандық кеңестердің мүшелері қатарынан, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен қауымдастықтардың алқалы органының бірінші басшылары не мүшелері қатарынан сайланатын болады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне Кандидат келесі талаптарға сай болуы тиіс:

•  Қазақстан Республикасының азаматы болу;

•Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың атқарушы органының мүшесі болу немесе салалық және аудандық кеңестің мүшесі болу;

•  соңғы 3 айда салық берешегі болмауы;

•  заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ.

Қажетті құжаттар тізімі:  

 1.    Белгіленген үлгі бойынша үміткерді ұсыну туралы өтініш.

    2.    Кәсіпкерлік субъектісінің жарғысы және/немесе құрылтай шартының көшірмесі (болған жағдайда).

    3.    Мемлекеттік тіркеуді растайтын құжат (кәсіпкерлік субъектісі ретінде).

    4.    Үміткердің түйіндемесі немесе өмірбаяны.

    5.    Лауазымын растайтын құжат (ЖШС немесе АҚ үшін).

    6.    Үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі.

    7.    Соңғы үш айдағы салық берешегінің жоқтығын растайтын анықтама.

    8.    Заңды тұлға құрылтайшылары туралы анықтама (АҚ үшін).

    9.    Соттылығының жоқтығын растайтын анықтама.

Кандидаттарды ұсыну кезеңі 2024 жылғы 18-31 желтоқсан (қоса алғанда) аралығы, үгіт – насихат науқаны - 2025 жылғы 17 қаңтардан 26 қаңтарға дейін, дауыс беру 2025 жылғы 27-29 қаңтар аралығында өтеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін 1432 колл-орталығына немесе 8(724)- 2 - 40-09-81 нөмірі бойынша хабарласуға болады

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер