«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Kеген ауданында жаңа ет өңдеу комбинаты іске қосылады!

2025 жылғы 05 Ақпан
- Алматы облысы
256 просмотров

Алматы облысында ауыл шаруашылығы мен ет өңдірісін дамыту бағытында тағы бір ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Кеген ауданында салынған “KегенМясоПром” ЖШС ет өңдеу комбинаты толық іске қосылған жағдайда, өңірдегі мал сою және ет өңдеу инфрақұрылымының тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты:

Жалпы инвестиция көлемі – 2,5 млрд теңге.

Күніне 50 ірі қара, 150 ұсақ мал, 10 жылқы сойылады.  

Жылына 2500 тоннадан астам ет өңделеді.

Қосымша 330 тонна шұжық және 70 тонна консерві өнімдері шығарылады.

Өңір шаруалары үшін жаңа мүмкіндіктер:

Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарындағы фермерлер өз малдарын нарықтық бағамен өткізе алады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта бұл аудандарда мал сою орындарының тапшылығы өзекті мәселе болып отыр. Комбинат толық іске қосылған соң, бұл мәселе шешіліп, жергілікті шаруаларға өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай жасалынады.

Жобаның экономикалық және әлеуметтік маңызы:

Өндірде жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ет өнімдерінің өндірушісі мен қайта өңдеу саласы дамиды.

Жергілікті нарыққа жоғары сапалы өнім жеткізіледі.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевтің айтуынша, «Кеген МясоПром» ет комбинатының ашылуы Қазақстандағы агро өнімді дамытудағы айтулы оқиға. «Бұл жобаның өңірдегі мал шаруашылығын дамытудың негізгі факторына айналуы, жаңа жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға ықпал ету мүмкіндігі бар», - деді ол. Өңір тұрғындары ет өнімдерінің сапасын көруі үшін тезірек сөрелерде пайда болуын асыға күтуде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер