«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Астана кәсіпкерлер кеңесі қалай жұмыс істейді?

2025 жылғы 04 Наурыз
- Астана қаласы
263 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Оның мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, қорғау мәселелері бойынша Палатаның міндеттерін тиімді және жүйелі түрде шешу, сондай-ақ елордадағы бизнес дамуының өзекті мәселелерін жариялау.

Кеңесті Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, журналист, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері Ирак Елекеев басқарады. Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың, қауымдастықтар (одақтар), кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, заң ғылымдарының ғалымдары, әртүрлі құқық салалары бойынша беделді сарапшылар кіреді.

Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша Кеңестің шешімдері мемлекеттік органдар мен кез келген меншік нысанындағы ұйымдарға қарастыру және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданады. Кеңестің қызметі мен отырыстарының нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланып, Кеңес төрағасының баспасөз конференциялары мен баспасөз релиздері арқылы таратылады.

2024 жылы Кеңестің 12 отырысы өтіп, 13 мәселе қаралды. Шығарылған ұсыныстардың 70%-дан астамы оң шешімін тапты, ал 20%-ы қаралу үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер