«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оқушылар Өскемен су электр станциясына барды

2025 жылғы 13 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
1136 просмотров

Оқушылар Шығыс Қазақстан облысының электр энергиясының негізгі көзі болып табылатын компанияның қызметімен танысты.

Жоғары сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары туралы, олардың дұрыс таңдау жасауы үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алудың болашағы туралы айтылды.

Әрине, энергетика саласына және жұмысшы мамандықтар жылы аясында энергетик мамандарды даярлауға ерекше назар аударылды.

Балалар кәсіпорын мамандарымен сөйлесе алды, олардың жұмыс майданын жанды тамашалады, өңір үшін осындай стратегиялық маңызды объектінің ауқымдылығы мен маңыздылығына таң қалды.

Іс-шара Өскемен жоғары политехникалық колледжімен, Өскемен СЭС және ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

«АЭС Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС және «АЭС Шульбинская ГЭС» ЖШС

бас директоры Тлек Айдабулов қонақтарға кәсіпорын колледжбен бес жылдан бері дуальды оқыту бағдарламасы бойынша ынтымақтасып келе жатқанын айтты.

«Колледж түлектері біздің компанияда табысты еңбек етуде», - деп атап өтті ол.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Адылхан қазір дұрыс жасалған таңдау балаларға болашақта жұмыссыз қалмауға, бірақ әрқашан сұранысқа ие маман болуға көмектесетінін атап өтті.

Қонақтар үшін СЭС-ы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, машина залы көрсетілді, станцияның барлық тораптарын автоматтандырылған басқару және ең бастысы электр энергиясының қалай өндірілетінін өз көздерімен көрді.

Жас мамандар мамандық таңдау, қиындықтары мен жетістіктері туралы  әңгімелерімен бөлісті.

Релелік қорғаныс пен автоматиканы жөндеу жөніндегі электромонтер Назия Қыдырбаеваның әңгімесі ерекше әсер қалдырды. Нәзік қыз стереотиптерді бұзып, бұл мамандық әдеттегідей таза ерлердің ісі емес екенін дәлелдеді.

Сонымен қатар, оқушылар үшін «Мен PROFI боламын» интерактивті квест-ойыны өткізілді, онда балалар өздерін әртүрлі техникалық бағыттарда (электроника, робототехника және энергетика) сынап көрді. Ең белсенді қатысушылар үшін бағалы сыйлықтар дайындалды.

Әрбір оқушы кез келген мамандық бойынша Өскемен жоғары политехникалық колледжінде тегін оқуға сертификат алды.

Кейбір балалар болашақ мамандықты таңдау туралы шешім қабылдады.

Өскемен қаласының №13 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Еламан Нұржанов бала кезінен электронды технологияларды жақсы көреді. Кәсіпорынға экскурсиядан кейін ол өзінің мамандық таңдауының дұрыстығына көз жеткізді.

«9-сыныпты бітіргеннен кейін колледжге энергетикке түскім келеді. Мен СЭС қызметін көруге және кәсіпқойлармен сөйлесуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын», - деп атап өтті Еламан Нұржанов.

Кәсіпорындардағы мұндай кездесулер мектеп оқушыларына білім алу туралы шешім қабылдауға, белгілі бір мамандардың, әсіресе жұмысшы техникалық біліктіліктерінің қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер