«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тарифтердегі теңгерімсіздік: МТЖ бағасының өсуі көмір саласын рецессияға ұшыратуы мүмкін

2025 жылғы 31 Наурыз
2426 просмотров

МТЖ қызметтеріне тарифтердің күрт өсуі көмір өндіру саласының болашағына қауіп төндіреді.

Жүктерді тасымалдау құнын ұлғайтуға ҚР ҰЭМ ТМРК 2024 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген баға шегі аясында МТЖ реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне көтергіш индекстерді қолдану туралы экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі негіз болды.

Қабылданған шешіммен көмір компаниялары ҚР Көлік министрлігіне, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне, вагон (контейнерлер) тасымалдаушылары мен операторларының қазақстандық қауымдастығына жолданған хатында өз келіспеушіліктерін білдірді.

Мемлекеттік органдарға жолдауында ҚР ҰЭМ ТМРК 2024 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген МТЖ қызметтері тарифтеріне баға шектерінің ең жоғары индексі ЕАЭО елдері бойынша транзиттік бағыттарға ғана қолданылатынын, (1,0-3,0) шекті мәнді анықтайтынын еске салды. Ал бұл жағдайда шешім 2025 жылғы 7 наурыздан бастап 31 желтоқсанға дейін қолданысқа енгізіле отырып, экспорттық қатынаста вагондарда жүктерді тасымалдауға және оларды импорттық қатынаста бос қайтаруға, сондай-ақ ЕАЭО шекараларында Қазақстан аумағы бойынша транзиттік қатынаста вагондарда жүктерді тасымалдау және оларды бос қайтаруға қатысты қабылданды.    

Айта кетейік, ҚТЖ-ға тарифтерді көтеруге өтінім беру бизнесті дүрліктіруде. Соңғы 4 жылда реттелетін теміржол тарифі (МТЖ, локомотивтік тартылыс) 2 есеге жуық өсті. 2024 жылы реттелетін теміржол тасымалына тариф 24%-ға өсті, 2025 жылы МТЖ қызметтеріне тарифтің өсуі 66% болды.

Бұл көмір/кен өніміне «3» ағымдағы арттыру коэффициентін қабылдаумен қатар, жеткізудің түпкілікті құнының рұқсат етілген шекті мәндерінен асады. Экспорттық қатынаста жөнелту түпкілікті тұтынушы үшін тиімсіз болады. Жаңа коэффициент бойынша қайта есептеу кезінде Қазақстан аумағы бойынша тарифтің қымбаттауы 2025 жылғы 7 наурыздан бастап 100%-ға ұлғаяды, бұл қисынды және экономикалық негіздемесі жоқ, әсіресе инфляция деңгейі 2025 жылғы қаңтардың қорытындылары бойынша небәрі 8,9% құрағанын ескеру қажет.

Индекстерді жоғарылату көмір өнімдерін түпкілікті тұтынушыларға жеткізу құнының қымбаттауына, оның сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі таңда қазақстандық көмір алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Көлік шығыстарының күрт өсуі оны бәсекелестердің өнімдерімен салыстырғанда тиімсіз етеді, бұл экспорт көлемінің төмендеуіне, валюталық түсімдердің азаюына және теңгенің әлсіреуіне әкеледі.

Логистиканың ұлғаюы жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпорындарының мемлекет алдындағы лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерін орындауға кері әсерін тигізетінін де ескермеуге болмас, себебі объективті себептер бойынша олар көмір өндіру көлемін азайтуға мәжбүр болады.   

Қабылданған шешімнің елеулі салдары көмір саласындағы жаппай банкроттыққа әкеп соғуы мүмкін. Тарифтердің өсуі көмір өндіруші компаниялардың шығындарын едәуір арттырады, бұл олардың шығынына және шахталардың мәжбүрлі жабылуына әкеледі. Бұл мыңдаған жұмысшылардың жұмыстан босатылуына және көмір өндіретін аймақтардағы әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеледі.  

Әлеуметтік шиеленіс жүк тасымалына тарифтердің көтерілуінен кейін алғашқы қажеттіліктегі тауарлардың құны өседі, бұл ел халқының әл-ауқатына теріс әсер етеді.    

Тағы бір жағымсыз салдары – бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі. Көмір саласы – Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің бірі. Өндіріс пен экспорттың қысқаруы миллиардтаған теңге салық түсімдерінің жоғалуына әкеп соғады және көлік, энергетика, машина жасауды қоса алғанда, аралас салаларға теріс әсер етеді. 

Тарифтердің күрт өсуі транзиттік жүк ағындарының жоғалуына әкеледі. Қазақстан Республикасы ТМД елдері мен Қытай арасындағы негізгі транзиттік буын. Көтерілген теміржол тарифтері жүк жөнелтушілерді Ресей және басқа елдер арқылы баламалы бағыттарды іздеуге мәжбүр етеді, бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ кірістерінің айтарлықтай қысқаруына және Қазақстанның геоэкономикалық позициясының әлсіреуіне әкеледі.

Көмір компаниялары мемлекеттік органдарға жолдаған үндеуінде көмір темір жол тасымалы тарифтерінің жоспарланған өсуінің дереу күшін жоюды, экономикалық негізділікті ескере отырып, экспорттық және импорттық қатынастардағы тарифтердің индекстелуін қайта қарауды сұрайды.

Көмір өндірушілер компанияның нақты қаржылық жағдайын бағалау және қаржыландырудың баламалы көздерін іздеу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ тәуелсіз аудит жүргізу қажеттілігіне сенімді. Олар теңдестірілген шешімдерді әзірлеу үшін тарифтік саясатты талқылау процесіне көмір саласының өкілдерін қосу арқылы көмір өнеркәсібі мен ұлттық экономиканың мүдделерін ескеретін ұзақ мерзімді тарифтік стратегияны әзірлеуді ұсынады.

Көмір өнеркәсібі кәсіпорындарынан экспорттық және импорттық қатынастардағы тарифтерді индекстеуді қайта қарауды және қабылданған бұйрықтың күшін жою үшін тиісті шараларды қабылдауды сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер