Іскерлік байланыстар: ШҚО бизнесінің еуропалық деңгейге шығуы
ШҚО Кәсіпкерлер палатасында Венгриядан келген делегациямен кездесу өтті.
Венгрияның Бас консулы Саболч Кара Секе және сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі атташе Тибор Иштван Ковач Шығыс Қазақстанмен ынтымақтастық орнатып, ортақ тіл табысу мен өзара ынтымақтастық нұсқаларын талқылайды.
Саболч Карой Секенің айтуынша, Қазақстанда 36 венгриялық компания жұмыс істейді.
"Біздің кәсіпкерлер Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі және бірлесіп жұмыс істеуге дайын", - деді ол.
Венгрия өкілдерін Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы, туризм, сауда өнеркәсібі әлеуеті қызықтырды.
Сондай-ақ, Тибор Иштван Ковач Венгрия Үкіметі бизнес бастамалары мен инвестициялық жобаларды қолдайтынын айтты.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәкен Абдуллиннің айтуынша, делегациямен өзара ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
"Дамудың перспективалы бағыттары туралы алдын ала ақпарат дайындау, екі елдің кәсіпкерлері үшін ортақ тіл табу жоспарлануда", - деді Сәкен Абдуллин.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: