«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

45 ел жиналған халықаралық алаңда Қазақстан 50-ден астам бренд ұсынды

2025 жылғы 22 Сәуір
756 просмотров

Астанада Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі өтті, оған ТМД, Еуропа және Таяу Шығыстың 45 елінен 14 000-нан астам мамандар мен қонақтар жиналды. Көрме автоқосалқы бөлшектер, сервис жабдықтары мен технологиялар саласында Каспий өңіріндегі ең ірі іскерлік алаң мәртебесін тағы бір мәрте растады.

Көрменің ашылу салтанатына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин қатысты.

«Экономикадағы жағдай тез әрі болжанбаған түрде өзгеруде және дер кезінде шешуді қажет етеді. Көлік құралдары мен  инфрақұрылымын өндірудің жаһандық трендтерімен байланысты жаңа тәсілдер мен технологиялар қажет. Automechanika Astana 2025 көрмесі озық технологияларды трансферттеу және өндірушілеріміз үшін жаңа әзірлемелерді игеру үшін жүйелі жағдайлар жасауға алғышарттар береді», - деп атап өтті ол.

Экспозиция аясында 1500-нан астам автокөлік бөлшектері мен аккумуляторлардан бастап, диагностика жүйелері мен техникалық қызмет көрсетуге арналған күрделі жабдықтарға дейін өнім түрі ұсынылды. Алаңда 22 елден келген 365 компания өз өнімдерін таныстырды. Олардың қатарында Қытай, Германия, Ресей, Қазақстан, Түркия және Польша бар. Қазақстан тарапынан 54 компания қатысты, олардың ішінде Brissoil LLP, LUKOIL Lubricants Central Asia, RISMI Group және ТОО Kainar-AKB секілді ірі өкілдер болды.

Automechanika Astana көрмесі тек салалық шешімдер алаңы ғана емес, сонымен қатар серіктестік орнату, тәжірибе алмасу және стратегиялық диалог жүргізу орнына айналды. Іскерлік бағдарлама аясында жергілікті өндірісті дамыту, «жасыл» технологияларды енгізу және экспорттық әлеуетті күшейту мәселелері қарастырылды.

«Көрме Қазақстанның автосаладағы жаһандық жеткізу тізбектеріне белсенді қатысушыға айналып келе жатқанын көрсетті. Мұндай іс-шаралар бизнес, мемлекет және халықаралық нарық арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа стандарттарын қалыптастырады», - Business Media Central Asia директоры Әнуар Мәлік.

Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі тұрақты өсуді, инвестицияларды белсенді тартуды және ішкі құнды қалыптастыруға ең үлкен үлес қосып келеді. 2024 жылы автомобиль өндірісіне құйылған инвестиция 189,8 млрд теңгені құрады, бұл 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 20 еседен астам және 2023 жылмен салыстырғанда 475%-ға артық.

Бүгінгі таңда қазақстандық автокөлік өнеркәсібі еліміздің 6 өңірінде көлік шығаратын 8 жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан тұрады, онда 7000-нан астам адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта Алматы мен Қостанай қалаларында екі жаңа автомобиль зауытының салынуына байланысты тағы 5000 жаңа маман қажет болады.

Соңғы 10 жылда еліміздің автомобиль өнеркәсібіне ірі халықаралық серіктестер, соның ішінде General Motors (Chevrolet), KIA, Hyundai, JAC, Golden Dragon, Yutong, KAMAZ және т.б. сияқты трансұлттық компаниялар тартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер