«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда Қазақстан–Сингапур іскерлік кездесуі өтті

2025 жылғы 25 Сәуір
- Алматы қаласы
487 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

24 сәуірде Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР-ның Сингапурдағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Сингапур бизнес-өкілдерінің қатысуымен халықаралық қатынастарды дамытуға арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Сингапур делегациясын Singapore Business Federation (SBF) атқарушы директоры Саманта Тео бастап келді. Аталған федерация сауда, инвестиция және технология салаларындағы 30 000-нан астам компанияны біріктіреді.

Делегация құрамында инжиниринг, білім беру, цифрлық маркетинг, аэроғарыш, биофармацевтика және басқа да салалардағы жетекші компаниялар болды. Олардың қатарында Smartli, Geopost Southeast Asia, Esco Lifesciences, Food Empire, Kingsmen Exhibits және басқалары бар.

Тек 2024 жылдың өзінде KZ мен SG арасындағы сауда көлемі 805,8 млн АҚШ долларын құрап, тікелей инвестициялар көлемі 555,6 млн болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 119%-ға артқан.

Бүгінде Қазақстанда 162 бірлескен қазақстан-сингапур кәсіпорны жұмыс істейді.

«Дөңгелек үстел» B2B-форматтағы кездесулер, тәжірибе алмасу және жаңа жобаларды бастауға арналған тиімді платформаға айналды.

Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов инвестициялық диалогты қолдау мен қазақстандық компаниялардың Оңтүстік-Шығыс Азия нарығындағы экспорттық әлеуетін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық бизнес үшін SBF өзара іс-қимыл – ынтымақтастық пен дамудың жаңа көкжиектерін ашуға ықпалын тигізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер