«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экспорт, технологиялар және логистика: Астана форумында Қазақстан мен Қытай іскерлік байланыстарды тереңдетуде

2025 жылғы 25 Маусым
748 просмотров

Астана қаласында Қытай (Дунгуань қаласы) мен Қазақстан (Астана қаласы) арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті.

Форум аясында екі елдің іскерлік топтарының өкілдері серіктестікті кеңейту, өзара сауданы дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Қазақстан тарапынан Форумға «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Райымбек Баталов және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов қатысты.

Өз сөзінде Райымбек Баталов былай деп атап өтті:

«Бүгінгі форум тек пікір алмасу алаңы ғана емес, нақты бастамалар, келісімдер мен бірлескен инвестициялар үшін бастау нүктесі болып табылады. Форум аясында орнаған байланыстар өзара түсіністікті дамытуға және елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуға қызмет етеді деп сенемін», — деді ол.

Палата шикізаттық емес экспортты қолдауға, шағын және орта бизнестің цифрлық трансформациясына, қайта өңдеу өнеркәсібіне, агроөнеркәсіптік секторға, логистика мен жеңіл өнеркәсіпке инвестиция тартуға ерекше мән береді.

«Біз бұл бағыттарда Қытай компанияларымен, әсіресе Гуандун провинциясымен екіжақты ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті бар екеніне сенімдіміз», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

Дунгуань қаласы тарапынан сөз сөйлеген Дунгуань қалалық сауда бюросының басшысы Лю Гуанбин кәсіпкерлер арасындағы байланыс арналарының кеңеюі мен өзара тиімді ынтымақтастықтың тереңдеуіне дайын екендігін жеткізді.

Форум аясында «Атамекен» ҰКП мен Дунгуань қаласының Сауда бюросы арасында кәсіпкерлер арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға, инвестициялық ақпарат алмасуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға экономика саласының әртүрлі секторларын таныстыратын 15 қытай компаниясы қатысты. Қазақстан тарапынан жеңіл өнеркәсіп, электрондық коммерция, баламалы энергия көздері, логистика, инженерлік жұмыстарға арналған құрылыс материалдары, тоқыма киімдері, электр сымдары мен кабельдері салаларында жұмыс істейтін 40-тан астам компания тартылды.

Форум B2B форматындағы келіссөздер сериясымен аяқталды, онда қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын және әріптестік байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер