«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Кәсіби маман» байқауының бірінші кезеңі өтті

2025 жылғы 02 Шілде
- Ұлытау облысы
131 просмотров

Комиссия ӨКП қызметкерлері, өңірлік кеңес мүшелері, салалық кеңес мүшелері, ірі, орта және шағын бизнес, қауымдастықтар, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан қалыптастырылып, байқауға түскен 13 өтінімді қарады.

Комиссия отырысы барысында келесі номинациялар бойынша республикалық кезеңнің жеңімпаздары анықталды:

«Үздік кәсіпорын – кадрларды оқытуға қатысушы» – «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС;  «Өндірістегі үздік тәлімгер» - М.Ш. Серіков "Жезқазған мұнай басқармасы" ЖШС; «Жұмысшыларды даярлайтын үздік колледж» – КМҚК «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі». Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Жаухар Тұрсынованың айтуынша, мұндай шаралар өңірдегі кәсіпорындарды қолдауға және жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.Байқаудың Республикалық кезеңі күз мезгілінде өтеді деп жоспарлануда


Еншілес ұйымдар

Серіктестер