«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысында «Кәсіби маман» байқауында үздік тәлімгер мен озық кәсіпорын анықталды

2025 жылғы 10 Шілде
- Жамбыл облысы
529 просмотров

Бүгін «Кәсіби маман» өңірлік байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай өткізілген бұл байқау - техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы үздіктерді анықтап, кадр даярлау мен тәлімгерлікте озық тәжірибелерді насихаттауға және кәсіби мамандардың мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды жоба.

Байқау комиссиясының жұмысы нәтижесінде өз номинациялары бойынша жеңімпаздар болып танылғандар:

«Үздік тәлімгер» номинациясы: Казфосфат»ЖШС, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының өндірістік шебері Есетова Райхан Зиятқызы

«Үздік кәсіпорын» номинациясы: «Қазфосфат» ЖШС, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы

«Үздік колледж»: Тараз инновациялық көпсалалы колледжі.

Байқауда өз білімдерін жастарға үйрететін тәжірибелі шеберлердің рөліне ерекше назар аударылды. Райхан Есетованың «Үздік тәлімгер» номинациясындағы жеңісі өндірістегі адами фактор мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын көрсетті.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтай жеңімпаздарды құттықтап, әрбір қатысушының кадрларды даярлаудың жалпы жүйесіне қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

«Баршаңызды лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймын! Бұл байқау әрбір табысты жас жұмысшының артында тәжірибелі тәлімгер, ал әрбір мықты колледждің артында серіктес кәсіпорын тұрғанын тағы да дәлелдейді. Райхан Есетова сияқты адамдар – біздің алтын қорымыз. Сіздердің ТжКБ жүйесін дамытуға қосқан үлестеріңіз зор, сондықтан Жамбыл облысының намысын республикалық деңгейде лайықты қорғайтындарыңызға сенімдімін», - деп атап өтті Еркін Атымтай өз сөзінде.

Енді өңірлік кезеңнің жеңімпаздары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтетін байқаудың финалдық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер