«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жапониядан келген делегация Шығыс Қазақстан облысының шөппен емдеушілерімен кездесті

2025 жылғы 29 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
509 просмотров

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жапондық мамандар қазақстандық шөптерден эфир майларын алу мүмкіндіктерін зерттеді.
Junko Yoshimizu - JICA косметикалық өнімдерінің қысқа мерзімді сарапшысы және Naoko Nakamura - JICA OVOP жаңа өнімдерді әзірлеу бойынша сарапшы жергілікті мамандарға шеберлік сабағын өткізді.
Жапониядан келген қонақтар өсімдіктерден эфир майлары мен эфир суларын алумен және оларды ароматерапияда, сабын және крем жасауда қолданумен айналысады.
Делегацияның келуіне біздің аймақта өсетін жаужапырақ және шауқурай шөптері арнайы дайындалып қойғанын атап өту керек.   
Шығыс Қазақстан дайындаушылары өсімдіктерді пайдаланудың тағы бір мүмкіндігін ашты.


«Жапониядан келген мамандарға білімдерімен бөліскені үшін алғыс айтамыз. Біз жинап, дайындайтын шөптерден өнімдердің жаңа желісін жасауға тырысамыз», - деді 2023 жылғы «Бір ауыл бір өнім» жобасының финалисті Ольга Бобрышева.


Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы қонақтарды тек жергілікті шөптер ғана емес, сонымен қатар өз қолдарымен жасалған ерекше бұйымдарыңда қызықтырғанын айтты.
Әрине, бал өнімдері де назардан тыс қалмады, өйткені бұл Шығыс Қазақстанның ұлттық бренді.
Сарапшылар жергілікті өндірушілер алатын бал өнімдерінің алуан түрлілігіне қызығушылық танытты.
Оларды «Медовая марка» сауда белгісімен өндірілген бал сусындары ерекше таң қалдырды.
Сондай-ақ «Мед Алтайский» шаруа қожалығына экскурсия ұйымдастырылды.  Жапондық өкілдер бал цехының өзінде болып, балдың қалай өңделетінін және одан қанша вариация алынатынын көре алды.
Кәсіпорын директоры Алексей Касымбаевтың айтуынша, өнімнің мұндай байлығы Шығыс Қазақстанның әртүрлі аудандарында омарталардың болуына байланысты мүмкін болды, олардың әрқайсысы әртүрлі өсімдіктермен ерекшеленеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер