Өскеменде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов бастаған Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшылары өңірге арнайы іс-сапармен келіп, бизнес өкілдерімен кездесті.
Айта кетерлігі, мұндай кездесулер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен республика көлемінде өткізіліп жатыр, өйткені салық мәселесі әрбір тұрғынға қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, екі жылдан бері бұл мәселемен айналысып келеді. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерінен түскен барлық ұсыныстар да зерделеніп, одан әрі ілгерлету үшін «Атамекен» Орталық аппаратына жолданды.
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері жаңа Салық кодексіне енгізуге арналған ұсыныстарының басым бөлігі пысықталып, қабылданды. Кейбір ұсыныстар әлі де талқыланып қраралуда», - деді Қайрат Мамырбаев.
Шағын, орта және ірі бизнес өкілдеріне Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістердің негізгі ережелері туралы айтылды: салық есептілігін қысқарту туралы, ҚҚС мөлшерін көтеру туралы, бірыңғай жер салығын жою туралы, ставкалар мен алымдарды қысқарту туралы, арнайы салық режимі туралы.
«Салық нормаларындағы өзгерістер тек мұқият зерделеуді ғана емес, сонымен қатар егжей-тегжейлі түсіндіруді қажет етеді. Біздің міндетіміз - бизнестің тыныш, заңды және тиімді жұмыс істеуі үшін жаңа ережелерді түсінуде олқылықтардың алдын алу», - деп атап өтті Қайрат Нұржанұлы.
Сондай-ақ, ол алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, облыстың барлық аудандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін қосты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: