Business Bailam: Франчайзинг — микробизнестен әлемдік нарыққа апарар жол
Біздің қонағымыз — Lonzhou мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының төрайымы және ҚР Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының кеңесшісі Гүлбану Майғарина. Ол кәсіпкерліктен сала көшбасшысына дейінгі жолды еңсеріп, бүгінде бизнесті дұрыс масштабтау тәжірибесімен бөліседі.
Business Bailam жаңа шығарылымында:
- Қазақстанда «жылдам франшизалардан» гөрі шынайы брендтер құрудың уақыты келгені туралы;
- Миллиондаған шығынға соқтыратын қателіктерден сақтану жолдары;
- Бизнесті желілік деңгейге шығарып, халықаралық нарыққа өтудің қыр-сыры жөнінде әңгіме өрбиді.
Франчайзинг — бұл өсудің инфрақұрылымы
Бүгін — ереже орнатасыз, ертең — жүйе құрасыз, ал арғы күні — нарықтағы жетекші ойыншылардың қатарына қосыласыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: