«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астанада көлік-логистика саласын дамыту және елорданың инвестициялық әлеуетін арттыру мәселелері қаралды

2025 жылғы 05 Қыркүйек
- Астана қаласы
492 просмотров

Астанада Кәсіпкерлер палатасының «Көлік және логистика» салалық кеңесі мен «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының өкілдері кездесті. Кездесу барысында тараптар көлік-логистика бағытының басым дамуы және елорданың инвестициялық әлеуеті талқыланды.

Салалық кеңес төрағасы Қанат Кобесов логистика саласының болашағы жаһандық үрдістердің ықпалымен айқындалып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, процестерді цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, IT-интеграция, үлкен деректерді талдау, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ роботтандыру, дрондарды пайдалану және жүргізушісіз көлікті дамыту Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл технологиялар саланың тиімділігін арттырып қана қоймай, елдің халықаралық аренадағы орнын да нығайтады.

Кездесуге қатысушылар тұрақты өсім үшін стратегиялық әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Әсіресе, Түркі әлемі мемлекеттерінің әлеуеті жаңа бағыттарды қалыптастыру мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда шешуші рөл атқара алатыны айтылды.

«Astana Invest» ұйымының басшысы Асхат Бекеев орталықтың жұмысы туралы баяндап, көлік-логистика саласына инвестиция тартудың негізгі бағыттарын ұсынды. Ол жаңа жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасау және бизнес-қоғамдастықпен өзара ықпалдастықты кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар күш-жігерді біріктіріп, ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты. Сондай-ақ көлік-логистика секторын дамытуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға келісімге келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174