«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа Жолдау – республиканы дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер

2025 жылғы 08 Қыркүйек
- Ұлытау облысы
300 просмотров

Бүгін Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауы талқыланды.

Жаңа бағдарламалық құжаттың басты тақырыбы — цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту болды. Мемлекет басшысының айтуынша, «Digital Kazakhstan» аясындағы цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу республикадағы көптеген салалардың дамуына ықпал етіп, елдің әлеуетін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.

Жиында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және отандық өнімді дамыту мәселелері де қозғалды. Үкіметтің стратегиялық міндеті — ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту.

Сондай-ақ Президенттің айтуынша, отандық кәсіпкерлікті қолдау жалғасуы тиіс. Бизнеске арналған әкімшілік кедергілерді азайту, Цифрлық кодексті жедел қабылдау, экономиканы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, су ресурстарын, ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту, жол және теміржол инфрақұрылымын дамыту қажет.

Ерекше тақырыптардың бірі — жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша ұсыныстар болды. Оның ішінде атом және көмір энергетикасын озық технологиялармен дамыту мәселелері көтерілді.

Президент сондай-ақ бір палаталы Парламент құрылатынын мәлімдеді. Бұл дүние жүзінде кең таралған парламентаризм дәстүріне сай келеді.
Жаңа Жолдау – мемлекетті дамытудың жаңа серпіні  болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174