«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық парфюмерия шетел нарықтарын бағындыруда

2025 жылғы 10 Қыркүйек
- Астана қаласы
327 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының «Өнеркәсіп, даму және ОТП қолдау» салалық кеңесінің мүшелері парфюмериялық өнімдер өндіретін «Аромат» ЖШС кәсіпорнында болды.

«Аромат» фабрикасы - ғылыми-зертханасы бар, халықаралық деңгейде парфюмерия шығаратын кәсіпорын. Бүгінде ол Орталық Азия аумағында толық циклді парфюмерия өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Өндірістік алаң Астана қаласындағы «Индустриялық парк» арнайы экономикалық аймағында орналасқан, жалпы аумағы 7 500 шаршы метрді құрайды.

Өндіріс 2020 жылғы қаңтарда іске қосылып, Қазақстанда парфюмерияны өнеркәсіптік көлемде шығару саласындағы алғашқы жобалардың бірі болды. Кәсіпорында хош иісті әзірлеуден бастап дайын өнімді шығара дейінгі толық өндірістік цикл жолға қойылған.

Фабрика заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және олар жүйелі түрде жаңартылып отырады. Хош иістерді әзірлеуде Еуропаның жетекші жеткізушілерінен алынған шикізат пен компоненттер пайдаланылады, бұл өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда «Аромат» өнімдері ішкі нарықпен қатар Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Кувейт және басқа да елдерге экспортталуда. Өндірілген парфюмерияның сапасы халықаралық сертификаттармен және салалық стандарттарға сәйкестігімен расталған.

Салалық кеңес құрамындағы кәсіпкерлер фабриканың отандық өнеркәсіпті дамытудағы маңызын атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай жобалар қазақстандық бизнестің ішкі ғана емес, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілетті өнім шығара алатынын көрсетеді.

Астанада фабриканың ресми өкілдігі жұмыс істейді. Ол Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде сатылымды дамытуға жауап береді және отандық брендтің халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174