Ақтөбеде кәсіпкер «Атамекеннің» қолдауының арқасында 77,7 млн теңге көлеміндегі мүлкін сақтап қалды
Rus Sistems ЖК Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасына алғыс білдірді.
Жеке кәсіпкер Rus Sistems атынан директор Курманбаева С.С. Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына кәсіби көмек пен кәсіпкерлік қызметті жүргізудегі жан-жақты қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдірді.
Хатта құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасар Руслан Куйшиновтың еңбегі ерекше атап өтілген.
– «Оның жоғары кәсібилігінің, құзыреттілігінің және қойылған мәселелерге мұқият қарауының арқасында маңызды құқықтық аспектілер жедел шешімін тапты. Бұл біздің компанияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, заңдық тәуекелдерді азайтуға және Rus Sistems ЖК-нің 77 769 372,76 теңге көлеміндегі мүліктік құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді».
Сонымен қатар кәсіпкер Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенмен» ынтымақтастықтың жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, тиімділігін және бизнестің мүдделерін қорғауға бағытталғандығын атап өтті.
– «Біз бұдан әрі де өзара әрекеттестігіміз осындай жемісті әрі нәтижелі боларына сенімдіміз».
Пікір қалдыру:
Пікірлер: